Алматыда «Еуропалық Одақ – Орталық Азия» Азаматтық қоғам форумы өтіп жатыр

Алматыда 5-ші «Еуропалық Одақ – Орталық Азия» Азаматтық қоғам форумы өтіп жатыр.

Үш күндік іс-шара цифрлық трансформация, климаттың өзгеруі, жастар белсенділігі, әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту мәселелеріне бағытталған.

Форумға Орталық Азия елдерінің азаматтық қоғам институттары мен үкіметтері өкілдері, халықаралық ұйымдар өкілдері қатарынан 150-ден астам адам қатысуда.

Форумның ашылуына ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі Айзада Құрманова қатысты. Ол қатысушыларды елдің дамуындағы азаматтық қоғамның рөлі және мемлекеттің үкіметтік емес секторды қолдау бойынша жүргізіп жатқан жұмысы туралы хабардар етті.

Алдағы екі күн ішінде іс-шара аясында топтық пікірталастар мен арнайы семинарлар өтеді. Қатысушылар осы талқылаулар арқылы өзара идея алмасып, аймақтың маңызды мәселелерін шешуге белсенді түрде атсалысу мүмкіндігіне ие болады.

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі