Қазақстанның үкіметтік делегациясы Кувейт Әмірінің қайтыс болуына байланысты көңіл айтты
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу бастаған Қазақстан Республикасының үкіметтік делегациясы Кувейтке барды деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.
Кувейт Мемлекетінің Әмірі шейх Мишаал әл-Ахмад әл-Джабер ас-Сабахпен кездесу барысында қазақстандық делегация басшысы Әмір шейх Науаф әл-Ахмад әл-Джабер ас-Сабахтың қайтыс болуына байланысты көңіл айтты және ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жеке жолдауын жеткізді.
Мемлекет басшысының жеделхатында Әмірдің өз елінің қалыптасуы мен дамуындағы жоғары рөлі, қазақ-кувейт ынтымақтастығын нығайтуға қосқан зор үлесі, сондай-ақ корольдік отбасы мен бүкіл Кувейт халқына қолдау мен жанашырлық сөздері жазылған.
Сол күні М.Нұртілеу Кувейттің Сыртқы істер министрі Салем Абдуллах әл-Джабер ас-Сабахпен кездесті. Тараптар Қазақстан мен Кувейттің саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты арттыру үшін зор әлеуетке ие екендігімен келісті.
Ауыл шаруашылығы, энергетика, IT технологиясы және киберқауіпсіздік сияқты секторлардағы инвестициялық өзара іс-қимылға ерекше назар аударылды. Тараптар жақын арада өзара сапарлармен, оның ішінде жоғары деңгейдегі сапарлармен де алмасуға уағдаласты. Кувейт министрі қазақстандық әріптесіне Кувейт халқы үшін қиын кезеңдегі бауырластық қолдауы мен көңіл айтқаны үшін алғысын білдіріп, екі ел арасындағы байланыстар басқа жақсы жағдайда жалғасатынына сенім білдірді.