Қазақстанның Үрімші қаласындағы сауда-экономикалық миссиясы өз жұмысын бастады
27-30 маусым аралығында Үрімші қаласында сауда-экономикалық миссия өтті. «QazTrade» АҚ ұйымдастырған іс-шараға май, ет өнімдері, макарон, кондитерлік өнімдер, балмұздақ, бал, шарап және трикотаж бұйымдары қоса алғанда, азық-түлік өнімдерінің 42-ден астам қазақстандық өндірушілері қатысты.
Іс-шараға ҚР Сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаев, ҚХР Коммерция вице-министрі Шэнь Цюпин және басқа да жоғары лауазымды тұлғалар құттықтау сөз сөйледі. Сауда миссия шеңберінде Синьцзян өндірістік-құрылыс корпусының Халықаралық сауданы дамытуға жәрдемдесу жөніндегі комитеті мен «QazTrade» АҚ арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
ҚР Сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Торебаев Қытаймен өзара әрекеттестік – әлемдегі ең ірі инвесторлар мен жетекші экономикалардың бірі – Қазақстан үшін тұрақты прогрестің ұзақ мерзімді факторы болып табылатынын атап өтті.
2023 жыл біздің елдер арасындағы сауда үшін табысты болды. Өткен жылдың қорытындысы бойынша Қытай Қазақстанның негізгі сауда серіктесіне айналды, тауар айналымы 30%-ға артып, $31,5 млрд құрады.
2023 жылы біздің елдеріміз арасындағы тауар айналымы 30% -ға артып, $31,5 млрд. құрады. Қазақстаннан Қытайға өнім экспорты 10%-ға артып, $14,7 млрд-қа жетті.
Қытай жағынан осы іс-шараны ұйымдастырудағы негізгі серіктес Шыңжаң өндірістік-құрылыс корпусының халықаралық сауда дамуына жәрдемдесу комитеті болды.
Қытайлық компаниялар қазақстандық өндірушілерге үлкен қызығушылық танытып, әрі қарай қарым-қатынастар мен ынтымақтастықты орнату туралы алдын ала келісімдерге қол жеткізілді.
Сауда миссиясының қорытындысы бойынша май өнімдері, кондитерлік өнімдер және басқа да азық-түлік өнімдерін жеткізу бойынша $22,8 млн сомаға экспорттық келісімшарттарға қол қойылды.
Сауда-экономикалық миссияға қатысушылардың пікірінше, қазақстандық және қытайлық компаниялардың кәсіпкерлерінің кездесуі өзара түсіністік пен серіктестіктің дәстүрлі жоғары деңгейін көрсетті. Бұл біздің елдеріміз арасындағы экономикалық байланыстарды одан әрі нығайтуға ықпал етеді.