Қазақстанның үздік педагогтарының есімдері аталды
Тәуелсіздік меркесі қарсаңында Қазақстан республикасының оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев «ҮЗДІК ПЕДАГОГ-2023» бүкілхалықтық байқауының жеңімпаздарын марапаттады. Мыңнан аса оқытушылардың ішінен 64 мұғалім «Үздік педагог» төсбелгісі мен куәлігіне, сондай-ақ ақшалай сыйақыға ие болды.
Еліміздің үздік ұстаздар рейтінгіне Алматы қаласындағы химия-биология бағытындағы NIS мұғалімі Зәуре Ділманова кірді.
Зәуре Ділманова – педагогика саласында 37 жылдық тәжірибесі бар білікті маман, «ҚР Білім беру ісінің үздігі» төсбелгісінің, ондаған алғысхат пен құрмет грамотасының иегері, ғылыми мақалалардың авторы. Зияткерлік мектептер экожүйесінде 2013 жылдан бері қызмет етеді. Ұстаздың оқушылары халықаралық, республикалық пәндік олимпиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері атанып жүр.
Зәуре Дільманова — сыр елінің танымал ұстаздар әулетінің өкілі.
– Менің бойымда білім мен химияға деген сүйіспеншілікті ата-анам және ұстаздарым оятты. Химия пәнінің мұғалімі Дурлештер Исаак Савельевич аптасына тоғыз сағат тереңдетілген сабақты оқытты, ол кезде химия сабағы 2 сағаттан артық берілмейтін. Мектепті бітірген соң бірден педагогикалық институтқа түстім. Таңдау айқын болды — химия мұғалімі болу. Қазір НЗМ-де өзімнің сүйікті пәнімнен сабақ беретініме қуаныштымын, оқушылардың жанып тұрған көздерін көргенде бұл мені екі есе шабыттандырады, — деп сыр шертеді еліміздің үздік ұстазы.
Осымен Алматы қаласындағы химия-биология бағытындағы НЗМ-нің химия мамандары екінші жыл қатарынан “Үздік педагог” атағына ие болып отыр.