«Қазақтеңізкөлікфлоты» 2024 жылы рекордтық 13,2 млн тонна мұнай тасымалдады
«Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК ЖШС (ҚТКФ) – «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (ҚМГ) еншілес компаниясы өткен жылды мұнай және контейнерлік жүктерді тасымалдау көлемі бойынша ең жоғары көрсеткішпен аяқтады.
Барлығы 13,2 млн тонна мұнай тасымалданды, ал 2023 жылы бұл көрсеткіш 10,8 млн тоннаны құрады.
Өсім Каспий бойынша Теңіз және Қаражанбас кен орындарынан мұнай жеткізу және Қара теңіз арқылы көмірсутектер тасымалының ұлғаю арқасында қамтамасыз етілді. ҚТКФ танкерлерін пайдалану басталған сәттен бастап жалпы мұнайдың тасымалданған көлемі 170 млн тоннадан асты.
Контейнерлік тасымалдау бойынша да оң динамика тіркелді. 2019 жылы іске қосылған Ақтау–Баку–Ақтау бағыты бойынша ҚТКФ күшімен өткен жылы 51,4 мың жиырма футтық эквивалиентте (ЖФЭ) немесе жалпы көлемнің (55 мың ЖФЭ) 94% тасымалдады.
Жалпы, Қазақтеңізкөлікфлоты тұрақты теңіз тасымалдарын қамтамасыз етіп, елдің көлік-логистикалық әлеуетін дамытып келеді. Бұл Транскаспий халықаралық көлік маршрутын ілгерілетуге ықпал етеді.