«ҚазАвтоЖол» автожолдардың сапасын бақылауға арналған ауқымды «Халықтық бақылау» жобасын іске қосты

2025 жылғы 1 мамырдан бастап «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының бастамасымен елімізде республикалық маңызы бар автожолдардың сапасын арттыруға бағытталған «Халықтық бақылау» атты ауқымды жоба іске қосылады. Бұл бастама азаматтарды қоғамдық бақылау жұмыстарына шақыру арқылы жолдардың сапасын жақсартуды көздейді.

Жоба жол инфрақұрылымының жай-күйіне бейжай қарамайтын белсенді азаматтардың арасында ашық алаң болмақ. Тұрғындардың белсенді қатысуымен жолдағы ақаулар дер кезінде анықталып, оларды жедел жоюға, сондай-ақ халықтың шағымдары мен ұсыныстарына жедел әрекет етуге мүмкіндік беретін болады. Бұл өз кезегінде жұмыстардың ашықтығын арттыруға ықпал етеді.

Әрбір азамат жол саласын дамытуға өз үлесін қоса алады. Ол үшін 1403 нөмірі арқылы байланыс орталығына хабарласып, өтінім беру жеткілікті. Өтінім беру кезінде аты-жөні, байланыс деректері, тұрғылықты өңірі мен елді мекені көрсетілуі қажет.

Жоба аясында құрылыс, қайта жаңарту және жөндеу жүргізіліп жатқан автожол нысандарына тұрақты түрде шығу жоспарланған. Нысандарға шығу кестесі мен жоба туралы толық ақпарат компанияның ресми сайтында жарияланған: www.qaj.kz

«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы барлық белсенді және бейжай қарамайтын азаматтарды жобаға қатысуға шақырады.