«Қазхром» компания қызметкерлерінің дарынды балаларын құттықтады
ERG құрамындағы «Қазхром» ТҰК» АҚ филиалдары қызметкерлерінің оқу мен шығармашалықта, спортта үздік атанып жүрген дарынды да талапты балалары компанияның басты жаңа жылдық мерекесіне шақырылды. Жылдағы дәстүр бойынша жаңа жылдық шарада бүлдіршіндерге планшеттер мен тәттілер жиынтығы сыйға тартылды. Ең бастысы, оларға есте қалар ерекше кеш пен әдемі сәттер естелік боп қалды.
Биыл «Қазхромның бас шыршасына» 80 бүлдіршін шақырылған. Әдетте кеншілер мен металлургтердің балаларын компания «кішкентай қазхромдықтар» деп атайды. Мереке Ақтөбе, Ақсу және Қарағанды қалаларында өтіп, әр өңірде балаларға арналған қызықты шоу мен ойын-сауық бағдарламасы ұйымдастырылды.
Ақтөбе қаласында өткен мерекеде Ақтөбе ферроқорытпа зауытында, Дөң тау-кен байыту комбинаты мен «Қазхромның» басқару аппаратында жұмыс істейтін ата-аналардың балалары өзара танысып, достасып та үлгерді.
Бас шырша Аяз ата, Ақшақар, ертегідегі эльфтер және басқа да кейіпкерлер қатысқан ертеңгілік форматында өтті. Сондай-ақ, бағдарлама сиқыршының өнері, мерекелік түскі ас пен көңілді би кешін қамтыған. Шара соңында «Қазхром» ТҰК» АҚ бас директоры Сергей Прокопьев әр баланы жеке құттықтады.
– Қазхромның бас шыршасы – жаңа жылдық іс-шаралардың түйіні. Әйтсе де бұл – ең көңілді әрі көптен күткен мереке. Сіздер ата-аналарыңызды қуантып келесіздер. Екі баланың әкесі ретінде мен сіздердің аналарыңыз бен әкелеріңіздің балалары үшін қуанған сәттерін, сіздердің жетістіктеріңізді көргендегі олардың мақтаныш сезімдерін жақсы түсінемін. Оқуда озат, ізденімпаз, еңбекқор болып, жетістіктерге жете берулеріңізге тілекшімін. Жаңа 2024 жыл әрбір шаңыраққа тыныштық пен береке әкелсін!, — деді Сергей Прокопьев.
Ал Ақсу ферроқорытпа зауыты қызметкерлерінің балаларына бас шырша Павлодар қаласының ойын-сауық орталығында өтті. Ұшатын айдаһардың театрланған көрінісі, Аяз ата мен Ақшақар, Күлше қыз бен Аққала бар қойылым қызықты әрі жарқын жаңа жылдық шоуға ұласты. «Қазмарганец» кеніші мен «Жәйрем марганеці» АҚ жұмысшыларының балалары ойын-сауық кафесінде болып, әйгілі Форт Боярд телешоуының шынайы шытырман оқиғасын сезініп, жасырылған әуендерді тауып, көңіл көтерді.
– Мен бас шыршаға бірінші рет қатысып тұрмын. Маған өте қатты ұнады, әсіресе сыйлықтар. Мұнда жаңа достар таптық. Олармен әрі қарай да достасып кетеміз деп ойлаймын. Әкем Ақсу зауытында балқытушы болып жұмыс істейді. Осы мерекеге келуім – әкемнің арқасы. Сондықтан оған алғысым шексіз, — дейді 9 жасар Айғалым Мұзафар.
Корпоративтік шыршаға 7-12 жас аралығындағы ең дарынды және белсенді балалар шақырылған. Олар жас болса да, қазірдің өзінде жетістіктерге жетіп, үздік атанып жүр. Мысалы Дөң тау-кен байыту комбинатындағы электровоз машинисінің ұлы 10 жасар Бейбарыс Оразбай – математика, ағылшын және қазақ тілі пәндері бойынша республикалық, облыстық олимпиадаларға қатысқан. Ал Ақтөбе ферроқорытпа зауытында қара металл өндірісі бақылаушысының қызы, 8 жасар оқу озаты – Аяулым Ерболат математика, химия, биология пәндері бойынша және зияткерлік ойындардың республикалық, облыстық олимпиадалардың жүлдегері, республикалық «Абай оқулары» байқауының жүлдегері. Қатысушылар арасында түрлі музыкалық, шығармашылық және спорттық байқаулардың жеңімпаздары да бар.
«Қазхромның бас шыршасы» компанияда осымен 15-ші рет өтті. 2009 жылдан бері жалғасып келе жатқан шара Қазақстанның үш аймағындағы компания қызметкерлерінің 1200-ге жуық баласын қамтыды.