Қазхромның Ақтөбе ферроқорытпа зауыты өз жобаларымен бөлісті
Ақтөбе облысының қоғам белсенділері Ақтөбе ферроқорытпа зауытының экологиялық жобаларымен танысты. Экобелсенділер мен блогерлер енді төмен шатырлы пештердің қандай артықшылығы бар екенін және зауыт жұмысшылары шаңнан не жасайтынын жақсы біледі. Белсенділер жаңа газтазарту кешендері салынып жатқан құрылыс алаңын көріп қайтты. Газтазарту қондырғыларын жаңғырту бойынша бірегей жобаға ERG құрамындағы «Қазхром» ТҰК» АҚ 12 миллиард теңгеден астам қаржы бөлген.
Биыл 80 жылдық мерейтойын атап өткелі отырған зауыт соңғы жылдары түбегейлі өзгерді. Кәсіпорында барлық негізгі өндірісті кең көлемде қайта құру жұмыстары жүргізілуде. Ескірген балқыту пештерінің орнына қоршаған ортаны қорғау деңгейі жоғары төмен шатырлы заманауи агрегаттар орнатылып жатыр. Мұндай жабдық жұмыс аймағында шаңның жиналуын азайтып, еңбек жағдайын жақсартпақ. Былтыр №1 балқыту цехындағы бірінші пеш жаңғыртылған. Бүгінде мамандар №12 пешті жаңартып жатыр.
Зауыттың тағы бір кешенді жұмысы – кәсіпорынның екі балқыту цехының, яғни 2022 жылы басталған №1 және №2 балқыту цехтарының газтазарту жүйелерін ауқымды жаңғыртуы. Бұл мүлдем жаңа, тиімділігі 99% болатын заманауи кешендер.
Ақтөбе ферроқорытпа зауытының директоры Ержан Абдулабеков:
«Зауыттың барлық балқыту пештері газтазалау қондырғыларымен жабдықталғанын, олардың сүзгілері тұрақты түрде ауыстырылып тұратынын атап өткім келеді. Технологиялардың тиімді түрлері пайда болып жатқандықтан, біз оларды міндетті түрде өндіріске енгіземіз. Жаңа газтазалаудағы сүзгі бетінің жалпы ауданы – 11 700 шаршы метр. Мұндайдың зауытта үшеуі бар. Газтазалаудың автоматтандыру жүйесін еуропалық өндіру шығарған»
Қоғам белсенділері сондай-ақ, брэкс өндіретін жерге де барды. Мұнда газтазарту қондырғыларынан шыққан шаңдарды брикеттеу — осылай атайды. Бұны шикізат ретінде балқыту пештеріне қайта жібереді. Бұрын шаңды жай ғана қож үйінділеріне апаратын болса, қазір мұнда толығымен қалдықсыз өндіріс жолға қойылған.
«Қазхром»-ның бас экологы Светлана Мащенко:
«Қазхром» компаниясы Ақтөбе облысының бір өзіндегі ERG экологиялық стратегиясының негізгі жобаларына 1,5 миллиард теңгеден астам инвестиция құйды, — деді – Жүзеге асырылатын жобалардың құны – 14,9 млрд теңге. Бұл бағытта біз көп жұмыс істедік, өзіміз ұстанатын экологиялық стратегия әзірленді. Цехтарда жүргізетін барлық қайта құрулар ең алдымен экологиялық тұрғыдан қарастырылады»
Баспасөз турының соңында қоғам белсенділері мен журналистер өздерін толғандырған сауалдарға жауап ала алды.