ҚазҰУ – мүмкіндіктер ордасы
Осы жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті өзінің 90 жылдық мерейтойын атап өтеді. Бұл Қазақстанның ғана емес, бүкіл Орта Азиядағы ірі білім ордасы саналады. 1934 жылы іргесі қаланған ҚазҰУ уақыт өте келе ғылыми-зерттеу жұмыстарының және сапалы білім берудің көшбасшысы болды. Университет Қазақстанның көптеген көрнекті тұлғаларын, ғалымдарын, қоғам қайраткерлерін тәрбиелеп шығарды. Бүгінде университет халықаралық рейтингтерде жоғары орындарды иеленіп, әлемдік деңгейде білім беру және зерттеу саласында көш бастап келеді.
Университет алғашқы жылдары шағын құрылымда қызмет атқарса, қазіргі таңда оның құрамына 16 факультет, 8 ғылыми-зерттеу институты,ондаған зерттеу орталықтары кіреді.Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің тарихы мемлекетіміздің ғылымы мен білімімен тығыз байланысты. Қазіргі уақытта қара шаңырақ 400-ден астам мамандық бойынша білім береді. ҚазҰУ түлектері тек Қазақстанда ғана емес, бүкіл әлемде түрлі салаларда жемісті еңбек етуде. ҚазҰУ әрдайым заман талабына сай жаңашылдыққа ұмтылады. Университет базасында бірнеше халықаралық ғылыми-зерттеу жобалары жүзеге асырылып, ғылыми зерттеулердің нәтижелері әлемдік ғылыми қауымдастықтарда мойындалған. Сондай-ақ, студенттер мен оқытушылар әлемдік деңгейдегі конференциялар мен форумдарға белсенді қатысып келеді.Қазіргі заманғы ғылыми және инновациялық инфрақұрылымдар студенттердің жаңа технологиялар мен зерттеулерге қол жеткізуіне мүмкіндік береді. Университет кампусындағы зертханалар, оқу орталықтары және заманауи кітапхана білім алушыларға сапалы оқу процесін қамтамасыз етеді. Университеттің халықаралық байланыстары оның жаһандық деңгейде танылуына ықпал етті. ҚазҰУ әлемнің 500-ден астам университеттерімен ынтымақтастық орнатып, бірлескен ғылыми жобалар, академиялық алмасу бағдарламалары арқылы білім алушылар мен ғалымдарға жаңа мүмкіндіктер ашуда.Бүгінгі күні ҚазҰУ QS World University Rankings сияқты беделді рейтингтерде үздік орындарға ие болып, әлемдік білім беру және ғылыми кеңістікте өз орнын нығайтуда.
Қазақ ұлттық университетінің дамуына Заң факультеті қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасы да өзіндік үлесін қосты. Факультет тек Қазақстандағы ғана емес, шетелдік университеттермен де тығыз байланыста жұмыс істейді. Студенттер мен оқытушылар академиялық алмасу бағдарламаларына қатысып, шетелдік серіктес университеттерде тәжірибе жинақтай алады.Қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедра заманауи әдістерді пайдалана отырып, құқықтық білімді жоғары деңгейде ұсынады. Студенттерге халықаралық стандарттарға сай білім беріліп, оларды заң саласында, сот және құқық қорғау органдарында жұмыс істеуге даярлайды.
Мухамадиева Г.Н
Әл-Фараби атындағы
ҚазҰУ Заң факультеті қылмыстық құқық, қылмыстық
іс жүргізу және криминалистика кафедрасының доценті,з.ғ.к
Болысбек Н.С
Әл-Фараби атындағы
ҚазҰУ Заң факультетінің 3 курс студенті