ҚазҰУ – табысты түлектер қалыптастыратын орта

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің экономика және жоғары бизнес мектебі – қазіргі заман талабына сай білікті мамандар даярлайтын іргелі білім ордаларының бірі. Бұл оқу орнында қалыптасқан білім беру жүйесі тек теориялық дайындықпен шектелмей, студенттердің кәсіби және тұлғалық дамуын кешенді түрде қамтамасыз етуге бағытталған. Соның нәтижесінде білім ордамыздың түлектері еңбек нарығында сұранысқа ие, бәсекеге қабілетті мамандар ретінде қалыптасып келеді.Бұл жетістіктердің негізінде сапалы білім беру мен тәжірибеге бағытталған оқыту үлгісі жатыр. Әсіресе менеджмент кафедрасының үлесі айрықша. Кафедра студенттерге басқару негіздерін терең меңгертіп қана қоймай, оларды нақты өмірлік жағдайларда дұрыс шешім қабылдай алатын, жауапкершілігі жоғары тұлға ретінде тәрбиелеуді мақсат етеді. Оқу барысында студенттер стратегиялық ойлау, тиімді коммуникация орнату, командамен жұмыс істеу және көшбасшылық қабілеттерін дамытуға ерекше мән береді.

Қазіргі экономикалық орта жылдам өзгеруде. Мұндай жағдайда болашақ мамандар тек біліммен ғана шектелмей, өзгерістерге икемді, жаңа жағдайларға тез бейімделе алатын болуы тиіс. Осы талаптарды ескере отырып, білім беру бағдарламалары үнемі жаңартылып, халықаралық тәжірибелермен ұштастырылып отырады. Студенттерге тек теория емес, нақты кейстер, бизнес жағдайлар ұсынылып, оларды талдау арқылы практикалық дағдылар қалыптастырылады.Оқу процесінде студенттердің дербес ойлауына, бастамашылдығына және шығармашылық көзқарасына ерекше назар аударылады. Әртүрлі жобалық жұмыстар, пікірталастар, ғылыми зерттеулер арқылы жастар өз ойын еркін жеткізуге, дәлелдей білуге үйренеді. Менеджмент кафедрасы ұйымдастыратын түрлі оқу және тәжірибелік іс шаралар студенттердің кәсіби дамуына үлкен мүмкіндік береді. Студенттер бизнес тренингтерге, семинарларға, кездесулерге қатысып, сала мамандарымен тікелей байланыс орнатады.Сонымен қатар, студенттердің тағылымдамадан өтуіне де ерекше көңіл бөлінеді. Ірі компаниялармен және ұйымдармен орнатылған байланыстар арқылы жастар нақты жұмыс ортасында тәжірибе жинақтайды. Аталған шаралар олардың оқу барысында алған білімін тәжірибеде қолдануына жол ашады. Көп жағдайда дәл осы тағылымдамалар студенттердің алғашқы жұмыс орнына айналып жатады. Экономика және жоғары бизнес мектебінің түлектері әртүрлі салада табысты еңбек етуде. Олардың қатарында қаржы саласының мамандары, мемлекеттік қызметкерлер, кәсіпкерлер, халықаралық компанияларда жұмыс істейтін кәсіби кадрлар бар. Бұл түлектердің басты ерекшелігі олардың жан жақты дамуы, жауапкершілігі және үздіксіз өзін жетілдіруге деген ұмтылысы. Бүгінгі күні білім сапасы тек дипломмен өлшенбейді. Негізгі көрсеткіш түлектің еңбек нарығындағы орны, оның кәсіби бейімділігі мен нәтижесі. Осы тұрғыдан алғанда, экономика және жоғары бизнес мектебінің түлектері өздерінің жоғары деңгейін дәлелдеп келеді. Олар жаңа идеяларды жүзеге асырып, қоғамның дамуына өз үлесін қосуда.

Сапалы білім беру ортасы студенттерге тек кәсіби дағдыларды ғана емес, сонымен қатар өмірлік құндылықтарды да қалыптастырады. Жауапкершілік, адалдық, еңбекқорлық сияқты қасиеттер болашақ маманның негізгі тірегіне айналады. Бұл қасиеттер кез келген салада табысқа жетудің басты кепілі болып табылады.Қорытындылай келе, экономика және жоғары бизнес мектебі  білім мен тәжірибені ұштастыра отырып, бәсекеге қабілетті, заманауи ойлайтын, кәсіби деңгейі жоғары мамандарды қалыптастыратын маңызды білім ордасы. Қара шаңырақ түлектері  ел дамуына үлес қосатын, жаңа мүмкіндіктерді жүзеге асыра алатын сенімді мамандар.

Кусмолдаева Ж.Н. PhD

Бельгибаева Ж.Ж. э.ғ.д., профессор

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ

Экономика және жоғары бизнес мектебі,

Менеджмент кафедрасы