Кедейлік — қоғамның түйінді мәселесі

(ҚазҰУ студенттері өзекті тақырыпқа талдау жүргізді)

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың заң факультеті кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының білім алушыларымен БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарының «1-мақсаты кедейлікті жою»тақырыбында ашық сабақ өткіздік. Кедейлік – бұл тек экономикалық емес, сонымен қатар әлеуметтік және моральдық мәселе. Әлемнің көптеген елдері бұл қиындықпен күресуге тырысуда, алайда кедейлік әлі де миллиондаған адамның өмірін қиындатып отыр. Бұл құбылыс Қазақстан қоғамында да өзекті.Ашық сабақ барысында студенттер кедейліктің негізгі себептеріне шолу жасады:
1.Ресурстардың әділ бөлінбеуі кейбір топтардың кедейлікке ұшырауына әкеледі.
2.Еңбек нарығындағы шектеулі мүмкіндіктер азаматтарды тұрақты табыс көзінен айырады.
3.Жоғары сапалы білімнің қолжетімсіздігі адамдардың табыс табу әлеуетін төмендетеді.
4.Ауылдық және шалғай аймақтарда өмір сүру деңгейі төмен, жұмыс мүмкіндіктері шектеулі.
Сарапшылар «кедейлік деңгейін анықтағанда тек кірісті ғана емес, сонымен бірге адамдардың білім алуға, денсаулық сақтауға және бос уақытты өткізуге жұмсаған қаражатын да ескеру қажет» деген пікірді осыған дейін де айтып келген. Жұмысы, ресми айлығы болса да айлық табысы медициналық қызметтің көмегіне жүгіну, демалу немесе бос уақыт сияқты негізгі қажеттіліктерін қанағаттандыру мүмкіндігі жоқ азаматтар жетеді. Кедейлік пен жоқшылықтың арасы алыс емес. Әлемде әлеуметтік жәрдемақы арқылы кедейлікті түп-тамырымен жойған мемлекет жоқ. Мемлекеттің
жетістігі байлардың санымен емес, кедейлердің санымен, әлеуметтік теңсіздік деңгейімен анықталатынын айтып өткен мамандар жағдай бақылаудан шығып кетсе, елдің дамуына кедергі келтіріп, популистердің тіршілік ету ортасы және әлеуметтік базасына айналатынын айтты. Себебі кедейлік адамның табысы ең төменгі қажеттіліктерін қанағаттандыруға жеткіліксіз болған жағдайда бақылаудан шығып кететін көрінеді. Экономика заңдылығы бойынша, ішкі жалпы өсім, экономика өсімі халықтың табысына әсер етуі тиіс. Елімізді кедейшіліктен құтқару мақсатында мемлекет басшысы үкіметке халықтың табысын арттыру бағдарламасын әзірлеуді тапсырған болатын. Ұлттық экономика министрлігі, индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі, энергетика, сауда және интеграция, экология министрлігі бірлесіп «Қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған тұрақты экономикалық өсу» ұлттық жобасын әзірледі. Экономикалық өсу қоғамды дамыту мен әлеуметтік мәселелерді шешудегі маңыздылығымен бірнеше жүз жылдар бойы зерттелуде. Кез-келген мемлекет халқының тұрмыс-жағдайын, әл-ауқатын жақсартуда және ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге міндетті. Кедейлік – барлық қоғамға ортақ мәселе. Оны жою үшін мемлекеттік деңгейде нақты қадамдар жасалып, әрбір азаматтың белсенді рөлі маңызды. Экономикалық өсім, әлеуметтік әділеттілік және тең мүмкіндіктер – кедейлікті еңсерудің басты жолдары. Елімізде кедейлік азайған сайын, қоғам әлдеқайда тұрақты әрі қуатты бола түседі.

Накишева М.,
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың заң факультеті кеден қаржы және экологиялық құқық кафедрасының оқытушысы
Ло Г.,
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың заң факультеті кеден қаржы және экологиялық құқық кафедрасының білім алушысы