ҚХА-ның 30 жылдығы аясында «Бірлік — әралуандығымызда» атты мерейтойлық іс-шара өтті

Алматы қ. Республикалық Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы аясында, Түрікмен мәдени орталығының 30-жылдығына, түркі халықтары мәдениет қорының және «Түркі Әлемі» газетінің 25 жылдықтарына арналған «Бірлігіміз – әралуандықта» атты мерейтойлық іс-шара өтті.

Іс-шара түрікмен этносының тарихымен, дәстүрлерімен және мәдениетімен таныстыру, мәдениетаралық диалогты сақтау және дамыту, Қазақстан халқының бірлігін, достық пен ынтымақтастығын нығайту мақсатында ұйымдастырылды.

Іс-шараға Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Л.Буларов, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің өкілдері, Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасының басшысы А.Есенбеков, Қазақстан Республикасы Білім министрінің штаттан тыс кеңесшісі, Түркі халықтары мәдениеті қорының президенті А.Дагдуран, Түркияның, Түрікменстанның, Ауғанстан Ислам Республикасының елшіліктері мен консулдықтарының өкілдері, этномәдени бірлестіктердің және ҚХА басқа құрылымдарының жетекшілері мен мүшелері, мемлекеттік органдардың, ғылыми және шығармашылық зиялы қауымның, қоғам мен жастардың өкілдері қатысты. Жалпы 120 адам қатысты.

Іс-шара барысында Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары М.Әзілхановтың атынан және ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің құттықтау хаттары оқылды, ҚХА Хатшылығының атынан Түркімен этномәдени орталығы мен Түркі халықтары мәдениеті қорының белсенді мүшелеріне Алғыс хаттар табысталды.

Іс-шарада елшіліктер мен консулдықтардың өкілдері сөз сөйлеп, Қазақстанды ҚХА-ның 30 жылдығымен құттықтады, сондай-ақ Қазақстан Республикасымен ынтымақтастықты дамытудың маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ ҚХА мен этномәдени бірлестіктердің қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайтудағы, этностарды азаматтық бірегейлік қағидаттары бойынша интеграциялаудағы, қоғамда мемлекеттік тілді насихаттаудағы маңызды рөлі баса айтылды.

Достық үйінде түркі халықтарының қолданбалы өнерінің көрмесі, шығармашылық топтардың қатысуымен концерттік бағдарлама, Түркі халықтары мәдениеті қорының қызметі туралы бейнеролик ұсынылды.  Іс-шара «Атамекен» әнін орындаумен аяқталды.