ҚХР Алматы қаласындағы Бас консулының міндетін атқарушы Люй И мырзаның Тәуелсіздік күніне құттықтауы

Құрметті Қазақстан Республикасының азаматтары!

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай Қытай Халық Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулдығы атынан Қазақстан халқына шынайы құттықтауымды білдіремін.

Тәуелсіздік күні — қазақстандық халықтың қайсар рухын, бірлігі мен дамуға деген ұмтылысын айқын бейнелейтін маңызды мереке. Тәуелсіздіктің 34 жылы ішінде Қазақстан әлеуметтік-экономикалық дамуда елеулі табыстарға қол жеткізіп, ұлттық жаңғыру жолында тұрақты ілгерілеу үстінде.

Қытай мен Қазақстан — тату көршілер, сенімді достар және жан-жақты стратегиялық ынтымақтастықтың серіктестері. Қытай тарапы қытай-қазақстан қатынастарын дамытуға үлкен мән береді және қазақстандық тараппен бірлесе отырып, өзара сенімді одан әрі нығайтуға, практикалық ынтымақтастықты тереңдетуге, сондай-ақ Қытай мен Қазақстанның тағдыры ортақ қауымдастығын ілгерілетуге дайын. Бұл өз кезегінде екі ел халқының игілігіне қызмет етеді.

Қазақстан Республикасына бейбітшілік, тұрақтылық пен өркендеу, ал халқына бақыт пен бақ-береке тілеймін!

Қытай Халық Республикасының
Алматы қаласындағы Бас консулының міндетін атқарушы Люй И