Қоғам қайраткерлері Ұлттық ұланның әскери бөлімінде алғаш рет қонақта болды

Ұлттық ұланның 5573 әскери бөлімінде маңызды кездесу өтті. Бұл іс-шара аясында ҚР ІІМ Қоғамдық кеңесінің мүшелері әскери өмірмен жақынырақ танысып, сарбаздардың ас мәзірінен дәм татты. Одан бөлек спорттық жарыстың куәсі болып, әскери қызметшілермен өзекті мәселелерді талқылады.

Бөлім командирі Аян Есжанов қонақтарға әскери бөлімнің макетін таныстырып, делегацияны асханаға 🍴 алып жүрді. Мұнда оларға азық-түлік ассортименті көрсетіліп, дайындалған тағамдар таныстырылды. Тележүргізуші Динара Сәтжан сарбаздармен әңгімелесіп, олардың асханадағы тамақтану жағдайын және жалпы әскери қызмет туралы пікірлерін білді.

Іс-шара спорт залында жалғасты, онда бөлімшелер арасында мықтыны анықтады. Әскери қызметшілер АК-74 Калашников автоматын бөлшектеу және жинақтау шеберлігін көрсетіп, арқан тарту сайысына қатысты. Жеңімпаздарды ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов марапаттады.

Тирде қонақтар Glock 17 тапаншасынан ату дағдыларын сынап көрді. Нұсқаулықты «Бүркіт» элиталық арнайы жасағының жауынгерлері өткізді. Әсіресе, блогер Берік Әлпішев пен бокстан халықаралық дәрежедегі спорт шебері Мұхит Амантаев жоғары нәтижелер көрсетті. Олар ІІМ-нің бұрынғы қызметкерлері ретінде өз тәжірибелерімен бөлісті.

Сонымен қатар, қонақтар мәдени-демалыс орталығында жеке құраммен әңгімелесті. Психолог Тоқтар Қойшыбеков көптің ішінен есірткі қолданатын адамдарды қалай ажыратуға болатынын айтты. Бұл қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ететін сарбаздар үшін маңызды рөл атқарады.

Сіздерге қызметтеріңіз бен елге адалдықтарыңыз үшін алғыс айтамын. Нағыз патриотсыздар! Сіздер секілді азаматтарды көргенде, еліміздің қауіпсіздігіне алаңдамаймын, — деп Динара Сәтжан ұландықтарға ризашылығын білдірді.

Іс-шара соңында генерал-майор С. Әділов ұландықтар мен қонақтарға алғыс хаттар табыстап, олардың әскердің бірлігі мен жастарды патриоттық рухта тәрбиелеуге қосқан үлесін ерекше атап өтті.

ҚР ІІМ ҰҰ Баспасөз қызметі