Қорғаншылар мен қамқоршылар eGov.kz порталы арқылы өздерінің қамқорлығындағы азаматтардың мүлкіне билік етуге және әлеуметтік төлемдерге рұқсат ала алады

eGov.kz порталында қорғаншылар мен қамқоршыларға қамқорлығындағы адамдардың мүлкіне және әлеуметтік төлемдеріне билік етуге рұқсат алуға мүмкіндік беретін жаңа көрсетілетін қызмет іске қосылды. Көрсетілетін қызмет сот әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп таныған кәмелетке толған азаматтардың заңды өкілдеріне арналған. Ол тегін ұсынылады және қорғаншылардың мүлкіне билік етуге ресми рұқсат алуға мүмкіндік береді.
Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен интеграция арқылы электрондық өтініш беру процесі жеңілдетілді. Қажетті мәліметтер цифрландырылған болса, олар өтініш толтырылған кезде автоматты түрде жүктеледі, қателіктер қатерін азайтып, деректерді қайта енгізу қажеттілігін жояды.
Көрсетілетін қызметті пайдалану үшін:
– eGov.kz порталында тіркеліп, «Азаматтарға» – «Әлеуметтік қамсыздандыру» – «Отбасыларға көмек» бөліміне өтіңіз;
– «Мүлікке билік етуге рұқсат беру, зейнетақыны, жәрдемақыны, әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі кәмелетке толған адамның есебінен алынған әлеуметтік төлемдерді алу және сот шешімімен әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп танылған азаматтардың мүлкін иеліктен шығаруға рұқсат беру» қызметін таңдап, «Көрсетілетін қызметке онлайн тапсырыс беру» түймесін басыңыз;
– қажетті өрістерді толтырыңыз;
– Тапсырма түрлерінің бірін таңдап, қажетті алаңдарды толтырыңыз;
– өтінішке қолжетімді қол қою әдістерінің бірімен қол қойыңыз.
Өтінімді қарау нәтижесінде өтініш берушінің жеке кабинетінде электрондық түрде бұйрық немесе уәжді бас тарту көрсетіледі. Шешім бес жұмыс күні ішінде беріледі.
Жаңа қызмет ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитетінің, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ынтымақтастығымен жүзеге асырылды.
«ҰАТ» АҚ Корпоративтік коммуникациялар департаменті