Қорғас жаңа инвестициялық жобалардың орталығына айналады

Жетісу облысына жұмыс сапары аясында Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Қытайдың жетекші корпорациялары – «China Minmetals Corporation» және «CITIC Construction Co. Ltd» басшылығымен екіжақты кездесулер өткізді. Негізгі назар логистика, өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу сияқты негізгі секторлардағы бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыруға аударылды.
«China Minmetals Corporation» басшылығымен Азия мен Еуропа арасындағы құрлықаралық бағыттағы жаңа стратегиялық торапқа айналуға тиіс Қорғас маңында логистикалық хаб салу мәселелері талқыланды.
«CITIC Construction Co. Ltd.» өкілдерімен кездесуде компанияның Қазақстандағы инвестициялық қызметін кеңейту жоспарлары қаралды. Ынтымақтастықтың негізгі бағыттарының бірі шекара маңында ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдейтін индустриялық парк құру болды. Бұл өңірдің экспортқа бағдарланған экономикасы үшін жаңа мүмкіндіктер ашады.
Қазақстанның Сыртқы істер министрі Қытаймен шекара маңындағы дамудағы өзара іс-қимыл елдің сыртқы экономикалық саясатының басым бағыттарының бірі екенін атап өтті. Бірлескен жобаларды жүзеге асыру сауда-экономикалық байланыстарды нығайтуға, Жетісу облысының инвестициялық тартымдылығын арттыруға және жаңа жұмыс орындарын ашуға ықпал етіп, түптеп келгенде өңірдің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуына оң әсерін тигізеді.
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі