Көрнекті балерина Абай атындағы ҚазҰОБТ солистеріне шеберлік сабақтарын өткізуде
Әлемдік деңгейдегі танымал шебер Ульяна Лопаткина балет өнерінің майталмандарының ойынша «Әлемдік балеттегі ең үздік аққу» болып табылады.
Шеберлік сабақтары театр директоры Айнұр Копбасарова мен балет труппасының көркемдік жетекшісі Қазақстанның Халық әртісі Гүлжан Түткібаеваның бастамасымен өткізіледі.
Гүлжан Түткібаева: «Ульяна Вячеславовна «Аққу көлі» қойылымындағы кейіпкерлердің күрделі бейнелерін тереңірек түсіну үшін басты партиялардағы яғни, Одетта-Одиллия мен Ханзада Зигфридті, зұлым данышпан Зигфридтің партиясын сомдайтын балет солистерімен жұмыс жасап, жаттығады. Біздің Ульяна Вячеславовнамен ынтымақтастығымыз спектакльдегі мизансценаларды толықтырулар мен түзетулер бойынша бірлескен жұмыс болып табылады. Ол өз мамандығының шебері және өзінің ерекше тәжірибесімен бөлісе отырып, балет әртістерінің әр жұбы үшін өзінің ерекше нюанстарын табуға тырысады. Ульяна Лопаткина кейіпкерлердің бейнелерімен жұмыс жасауда рөлді ерекше мұқият зерттейді. Әртістеріміздің өз кейіпкерлерін тереңірек түсінуін, әрі олардың қарым-қатынастарын өз мүмкіндіктерінің жаңа қырлары арқылы тереңірек ашуды үйренгенін қалаймын. Ульяна Вячеславовнамен жұмыс — баға жетпес тәжірибе және біздің театр үшін де, балет солистері үшін де үлкен мүмкіндік»