ҚР Денсаулық сақтау министрі Шымкент қаласындағы SANTO («Химфарм» АҚ) компаниясының өндірістік алаңдарына таныстыру сапарын өткізді
Шымкент қаласындағы Santo фармацевтикалық зауытына Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Альназарова бастаған делегация, сондай-ақ Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Қуаныш Асылов, Шымкент қаласы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлыбек Асылбеков, Шымкент қаласы Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Бақытжан Абдуллаев, Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасының дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Нияз Кемал келді.
Бұрнағы күні Астанада Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің өткен пленарлық отырысы аясында Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Альназарова мен Басқарма Төрағасы 2011 жылдан бері Шымкент қаласындағы SANTO өндірістік алаңында («Химфарм» АҚ) ауқымды инвестициялық жобаны жүзеге асырып келе жатқан Polpharma Group Бақылау кеңесінің мүшесі Ежи Старактың кездесуі өтті. Кездесуде отандық фармацевтика өнеркәсібінің қазақстандық пациенттерді өмірлік маңызды дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етудегі стратегиялық рөлі талқыланды.
Шымкентте делегацияға зауыттың жұмысымен таныстыру экскурсиясы өтті, оның барысында стерильді инъекциялық пішіндер шығаратын цехта болды. Santo компаниясының өкілдері зауыт директоры Рустам Байгарин және мемлекеттік органдармен жұмыс және госпитальдық бизнес жөніндегі директор Айгүл Исенова әріптестеріне инвестициялық жобаның іске асырылу барысы, өмірлік маңызды дәрілік заттарды оқшаулау процесі және экспортты кеңейту үшін компанияның Еуропалық Одақтың GMP сертификатын алу жоспарлары туралы айтып берді.
«SANTO» компаниясы қазақстандықтарды қауіпсіз және тиімді дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету үшін өзінің инвестициялық бағдарламасы мен ғылыми-зерттеу әлеуетін табысты дамытуда. Біз ұлттық дәрілік қауіпсіздікті қамтамасыз етеміз, бұл әсіресе жаңа пандемия мен жаһандық геосаяси сын-қатерлер қаупі жағдайында маңызды болып табылады. Біз ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің сенімді серіктестері ретінде Қазақстан халқының денсаулығын қорғауды жалғастыруға дайынбыз. Ынтымақтастығымыздың жемісті болатынына сенімдіміз», – дейді SANTO зауытының директоры Рустам Байғарин.