ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрғиса Дәуешов БҚО тұрғындарымен кездесті
ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрғиса Дәуешов Батыс Қазақстан облысының тұрғындарымен есептік кездесу өткізді. Іс-шара Орал қаласында өтті және оған 200-ден астам адам, оның ішінде мәдениет саласының қызметкерлері мен ардагерлері, жастар және өңірдің белсенді тұрғындары қатысты.
Вице-министр баяндама жасап, Министрліктің 2023-2029 жылдарға арналған мәдени саясат тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі жұмысы туралы, сондай-ақ ономастика, архив ісі, монументалды өнер, тарихи-мәдени мұраны сақтау және насихаттау, концерт ұжымдары және таланттарды қолдау бағытында қол жеткізілген нәтижелер туралы айтты.
Батыс Қазақстан облысының тұрғындары кітапханашылардың мәртебесі мен еңбекақысы, жекелеген орындаушылар мен шығармашылық топтардың басқа өңірлерге гастролі, сондай-ақ олардың республикалық іс-шараларға қатысуы, кітап шығару саласындағы ахуалы туралы сұрақтар қойды.
Есепті кездесуден кейін Нұрғиса Дәуешов азаматтарды жеке қабылдап, олардың сұрақтарына жауап беріп, бірқатар ұсыныстарды тыңдады. Сондай-ақ, вице-министр ұлттық домбыра күніне орай өңірдің мәдениет пен өнер саласының дамуына ерекше үлес қосып келе жатқан азаматтарына алғыс хат табыс етті.
ҚР МСМ баспасөз қызметі