«Құқық қорғау қызметі – мен таңдаған мамандық»

Кезекті 2-ші университетаралық жарыс өз мәресіне жетті  

2023 жылдың 24 қараша күні тұрақты даму мақсаттарының 4-мақсаты «Сапалы білім беру» бағытында және әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 90-жылдық мерейтой аясында заң факультетінің «Қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика» кафедра профессор-оқытушы құрамымен ұйымдастырылған «Құқық қорғау қызметі – мен  таңдаған мамандық» атты кезекті 2-ші университетаралық жарысқа «Q» университеті және Қонаев университетінің  6В12301 «Құқық қорғау қызметі» білім беру бағдарламасы бойынша 1 курс 5  студенттен  құралған 5 команда қатысты.

Жарыстың мақсаты заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етудегі арнайы мемлекеттік органдардың негізгі қызметінде қолданылатын ғылым мен тәжірбиенің  байланысын нығайту, бакалавриат білім беру бағдарламалары бойынша жоғары оқу орындарында студенттердің өзіндік идеялары мен даму дағдыларын нығайту болып табылады.

Кафедра мәжілісінде бекітілген арнайы әділ қазыларжарысты бағалады төрағасы: з.ғ.к., аға оқытушы С.Ш. Даубасов мүшелері: з.ғ.к., доценті Н.С.Темірболат.; кафедраның оқытушысы Р.Б Тұрысбек.

Жарыстың қорытындысы бойынша IIІ дәрежелі дипломды өзара Қонаев университетінің студенттерінен құралған «ҚЫРАН» тобының қатысушылары: Н. Шалдарбек, Н. Бөкен, А. Сапар, С. Сатыбалдиев, А. Ансат және  әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің студенттерінен  құралған «ӘДІЛЕТ» тобының қатысушылары:  Ш. Оңлыбай, А. Журабек, Д. Қожан, А. Мұқан, Б. Төрехан  иеленді.  II дәрежелі дипломды «Q» университетінің студенттерінен құралған «ҚАЙНАР» тобының қатысушылары:  А. Жанарбек, Ж. Қасиет, Қ. Дүйсен, Е.Мергенбай, А.Бақкелді және әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің студенттерінен құралған «ПОЛИЦИЯ тобының қатысушылары:  Н. Тоқабай,  К. Жолдыбай, Қожан Д, М. Дәукен, М. Нурмуханбет,Т. өзара бөлісті. I дәрежелі дипломды Қонаев университетінің студенттерінен құралған «ПАРАСАТ» тобының қатысушылары: Т. Жақсылық, Н. Азан, М. Умимиралиева, С. Қабан, М. Қасымбекова иеленді.

Шара соңында, әділ қазылар төрағасы, С.Ш. Даубасов жарысқа қатысқан командаларды даярлап, оларға ұстаздық тәлімгерлік қызмет атқарған ең алғаш жарыстарында ғылыми жетекші болған «Q» университетінің оқытушысы М. Е. Нусубалиеваға, Қонаев университетінің  оқытушысы  Д.А. Ашимбаевқа және  әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің аға оқытушылары: А.А.Базиловаға, С.Ш.Даубасоваға, Ж.Т. Худайбергеновқа алғыс білдіре отырып,  келесі «Құқық қорғау қызметі – мен  таңдаған мамандық» атты кезекті 3-ші университетаралық жарыс әділ қазылардың шешімі бойынша жарыс нәтижесінде бірінші орынға ие болған университет өз университет қабырғасында өткізетіндігін хабарлай отырып, Қонаев университет ұжымының өкіліне Д.А. Ашимбаевқа табыстады. Сонымен қатар, марапаттауға ие болған барлық студенттерді жеңістерімен құтықтып, оларға шығармашылық шабыт мен мол табыс тілеп, арнайы дипломдарын табыстады.

С.Ш. ДАУБАСОВА,

Заң факультетінің қылмыстық құқық,

қылмыстық іс жүргізу және криминалистика

кафедрасының аға оқытушысы