«Құқық қорғау қызметі – мен таңдаған мамандық» атты университетаралық байқаудың мәресі
Мамандық таңдау – өміріңіздің бір кірпішін дұрыс қалау. Ең қиын мамандық – адам болып қалу.
Хосе Хулиан Марти
«Мамандық» сөзі латын тілінен аударғанда: «жұрт алдында сөйлеу, жариялау» дегенді білдіреді, болашағымыз тікелей байланысты ұазіргі таңда мамандықтың түрі көп. Таңдау жасау оңай емес. Ең бастысы адам еңбекке қабілетті, зейінді болуы қажет және оның мамандығы өзі өскен ортаға маңызды, бағалы үлес қосатындай болуы шарт.
Әр адамда мамандық таңдау әр түрлі болады: біреу бұл арманды бала кезінен бағалайды, ал біреу құжаттарды тапсырудан бір күн бұрын шешім қабылдайды. Неліктен студенттер «Құқық қорғау қызметі» мамандығын таңдады?
Осы сұрақтың жауабын табу мақсатында 2023 жылдың 24 қараша күні ТМД 4-тармағы «Сапалы білім беру» аясында және әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 90-жылдық мерейтойы қарсаңында заң факультетінің «Қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика» кафедрасы 6В12301 — «Құқық қорғау қызметі» білім беру бағдарламасының 1 курс студенттерінің арасында «Құқық қорғау қызметі – мен таңдаған мамандық» атты университетаралық байқау ұйымдастырды.
Университетаралық байқауға әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Қонаев университеті 6В12301 — «Құқық қорғау қызметі» білім беру бағдарламасының 1 курс студенттері қатыстырылды.
Байқауда студенттер дәл осы мамандықты не үшін таңдағаны жайлы және мамандықтың қыр-сыры туралы ой-пікірлерін жазбаларында әсерлі жеткізе білді. Байқаудағы әсерлі жазбалар: «Мен «Құқық қорғау қызметіне» түстім, өйткені мен әрқашан Отанымды, отбасымды, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды, қылмыспен күресуді және құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуді, өскелең ұрпаққа үлгі болуды армандайтынмын. Осыған орай, бұл мамандықта мені қызықтырады және сұранысқа ие!»
«Елдегі құқықтық жүйенің тұрақтылығы үшін тәртіп қажет, осы тәртіпті орнататын құқық қорғау қызметкерлері. Дегенмен, бұл қызметтің қауіптері жоғары, осыған орай, мамандық мұқият және ақылды болуға, өзін жақсы күйде ұстауға шақырады. Бұл мамандық адамды оның төзімділікке тәрбиелейді. Бұл менім таңдауым, — деп айта аламын!».
«Менің үлкен ағам прокурор болып жұмыс істейді, сондықтан мен бой түзейті адамым бар. Кішкентай кезімде мен оның формасын киіп көрдім, маған оның қалай отырғаны қатты ұнады. Бала кезіммен полиция қызметкері болуды армандадым. Енді мен бұл мамандық теледидардағы әдемі форма мен сериалдар ғана емес, мамандыққа деген қызығушылық!».
Қорыта келе, байқау студенттерге мамандық таңдау өте жауапкершілікті және маңызды іс екендігін, мамандық таңдауда әр адам өзінің қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне, қалауына сүйену керектігін ұғындырды.
Болашақ құқық қорғау қызметкерлеріне таңдаған мамандықтары тек рахат әкелсін! Сіздердің еңбектерініңіздің арқасында біз тыныш, қауіпсіз елде өмір сүреміз. Болашақ мамандарға оқуда сәттілік, энергияның шексіз қорын және алдағы қысқы сессияларын «өте жақсы» жабуларын тілейміз!
«Қылмыстық құқық, қылмыстық іс
жүргізу және криминалистика» кафедрасының
аға оқытушысы, з.ғ.к. Даубасов С.Ш.