«Құқық қорғау қызметі – мен таңдаған мамандық» атты университетаралық жарыс өтті

2023 жылдың 24 қараша күні ТМД 4-тармағы «Сапалы білім беру» аясында және әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 90-жылдық мерейтойы қарсаңында заң факультетінің «Қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика» кафедрасы және Қонаев университетінің  6В12301 «Құқық қорғау қызметі» білім беру бағдарламасы бойынша 1  курс 5  білім алушалардан құралған екі топтың қатцсуымен «Құқық қорғау қызметі – мен  таңдаған мамандық» атты университетаралық жарыс өтті.

Жарыстың мақсаты қылмыстарды ашу, тергеу және алдын алу кезінде арнайы білімді пайдалануды оңтайландыру, ғылым мен тәжірбиенің  байланысын нығайту, бакалавриат білім беру бағдарламалары бойынша жоғары оқу орындарында білім алушылардың өзіндік идеялары мен даму дағдыларын нығайту болып табылады.

Кафедра мәжілісінде бекітілген арнайы әділ қазылар Төрағасы: з.ғ.к., аға оқытушы С.Ш. Даубасов мүшелері:  Қонаев университетінің қылмыстық құқықтық пәндер және құқық қорғау қызметі кафедрасының оқытушысы  Д.А. Ашимбаев., кафедраның оқытушысы Р.Б Тұрысбек

Жарыстың қорытындысы бойынша II орынды Қонаев университеті, және I орынды әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің білім алушылары иеленді. Сонымен қатар, марапаттау салтанатында қатысқын барлық қатысушылардың білімін бағалау нәтежесінде III дәрежелі; II дәрежелі; I дәрежелі дипломмен марапатталды.

Шара соңында, әділ қазылар төрағасы, С.Ш. Даубасов марапаттауға ие болған барлық білім алушы жеңімпаздарын жеңістерімен құтықтып, оларға шығармашылық шабыт мен мол табыс тіледі.

С.Ш. ДАУБАСОВА,

Заң факультетінің қылмыстық құқық,

қылмыстық іс жүргізу және криминалистика

кафедрасының аға оқытушысы