«Құшағына баласын басқан ана». Кеген ауданында ерекше тас табылды
Кеген ауданында ерекше тас табылды.

Алматы облысының «Қоғамдық даму орталығы» Instagram парақшаларына Кеген ауылынан 10 шақырым жерде орналасқан XVII-XIX ғғ өмір сүрген осы күнге дейін сыры ашылмаған «Құмтекей» қалашығынан кездейсоқ табылған экспонат жайлы жариялаған.
«Құшағына баласын басқан ана» бейнесіндегі-тас,тылсым құпияға ие. Тасты кездейсоқ тапқан ауыл тұрғыны Оспанов Айбек Шавхатұлы Кеген аудандық тарихи-өлкетану музейіне табыстаған.
Музей қызметкерлері алдағы уақытта тасқа зерттеу жұмыстары жүргізілетінін мәлімдейді. Мүсін тастың биіктігі-38см, ені-35см, салмағы-26,9кг құрайды.