Күзгі демалыс пен отбасымен саяхатты Рас-эль-Хаймада өткізуді жоспарласаңыз…

Күзгі демалыс жақындап келеді, ал Біріккен Араб Әмірліктерінің ең жасыл аймағы – Рас-эль-Хайма қазақстандық туристерді жарқын әрі ұмытылмас демалысқа шақырады. Күз – бұл эмиратқа саяхаттау үшін ең қолайлы маусым. Бұл кезде ауа тым ыстық болмайды, ал жағажай маусымы қызу жүріп жатады. Балалармен саяхат жасау арқылы сіз теңіз жағасында демалуды қызықты экскурсиялармен және ойын-сауықпен үйлестіре аласыз.
Күндізгі ауа температурасы шамамен +30°C, ал Араб шығанағының суы +25°C дейін жылиды. Ақ құмды жағажайлар мен заманауи инфрақұрылым — Рас-эль-Хаймадағы тыныш әрі жайлы демалыстың басты кепілі. 68 шақырымдық жағалау сызығында түрлі деңгейдегі көптеген жағажайлар орналасқан. Теңізге кіреберісі біртіндеп тереңдейтіндіктен, бұл жер балалармен отбасылық демалысқа өте ыңғайлы.
Эмираттағы әр қонақүй өзіне тән ерекше ұсыныстарымен көзге түседі: жеке бассейні бар виллалар, авторлық асханасы бар мейрамханалар, әлемдік деңгейдегі SPA-орталықтар және мінсіз қызмет көрсету.
Рас-эль-Хайма туризмді дамыту департаменті келесі демалыс орындарын ұсынады:
Қолдан жасалған Хаят аралында орналасқан бұл заманауи жағажай курорты саяхатшылардың сүйіктісіне айналған. 351 бөлмесі бар қонақүй түрлі демалыс форматтарын ұсынады: теңіз көрінісі бар стильді нөмірлер, жеке бассейні бар виллалар немесе Club InterContinental лаундж аймағы.
SPA орталығында 10 бөлме бар, соның ішінде әйгілі «Ras Al Khaimah Escape» процедурасы – ананас скрабы, раушан майымен орау және ыстық тастармен массаж. Қонақтар Ultra All Inclusive жүйесімен күн бойы түрлі тағамдардан ләззат ала алады.
Жаңа француз талғамы мен араб дәстүрінің үйлесімі. Қонақүй теңіз жағасында, ұзындығы 400 метр жеке жағажайы бар. 245 бөлмесі, 4 бассейні (оның ішінде Әмірліктердегі ең үлкен Lagoon Pool), 7 мейрамхана мен Clarins SPA орталығы бар.
Балалар үшін La Petit Prince клубы мен су сырғанақтары бар алаңшалар қарастырылған. Демалыс Full Board жүйесімен ұйымдастырылған.
Экологиялық тұрғыдан таза және табиғатты қорғауға бағытталған жаңа курорт. Табиғи қорықтағы мангр ормандарымен қоршалған. 174 бөлмесі мен виллалары бар, оның ішінде Рас-эль-Хаймадағы алғашқы су үсті виллалары.
Мейрамханалар мен SPA-орталықта жергілікті табиғи ингредиенттер пайдаланылады. Белсенді демалушылар үшін су спорты, ал тыныштықты қалайтындарға — мангр ормандары арқылы каяк серуендері бар.
The Ritz-Carlton Al Hamra Beach
Араб шығанағының жағалауындағы сәнді курорт — 32 жеке бассейні бар виллалардан тұрады. 1 км жеке жағажай, ат спорты мектебі, йога, жағажай волейболы және гольф клубы бар.
Балаларға арналған ойын клубы мен күтуші қызметі бар. Тамаша теңіз өнімдері Shore House мейрамханасында ұсынылады.
Әл-Марджан аралындағы әйгілі отбасылық курорт. 715 бөлме, аквапарк Murjana Water Park, Rixy Kids’ Club және Teens Club бар.
Күні бойы шексіз тағам мен сусын ұсынатын Ultra All Inclusive жүйесімен қызмет көрсетіледі.
Табиғат, шытырман оқиғалар мен мәдениет
Рас-эль-Хайма тек жағажайлармен шектелмейді. Мұнда табиғи сұлулық пен адреналинді сезінуге мүмкіндік мол. Джебель Джейс — БАӘ-нің ең биік нүктесі, ұзындығы 75 км жаяу бағыттар мен әлемдегі ең ұзын Jais Flight zipline орналасқан.
Экстримді жақсы көретіндер үшін SkyTour ұсынады — 5 км ұзындықтағы зиплайн арқылы тастар мен шатқалдардың үстімен ұшу.
Туристер Аль-Вади табиғи қорығындағы джип-сафари, әуе шарындағы серуен немесе Дайя фортына экскурсия арқылы тарих пен табиғатты тамашалай алады. Сондай-ақ әйгілі Suwaidi Pearls інжу фермасында көне кәсіптің қыр-сырымен танысып, өз қолыңызбен інжу алуға мүмкіндік бар.
Гастрономиялық саяхат
Эмираттың аспаздық өмірі – нағыз гурмандардың арманы. Мұнда әлемдік деңгейдегі мейрамханалар мен стильді жағажай клубтары орналасқан.
Ең танымал орындар:
-
1484 By Puro — БАӘ-дегі ең биік мейрамхана, Хаджар тауларына панорамалық көрінісімен,
-
Sonara Camp және Camp 1770 — дәстүрлі тағамдар мен шөл даладағы ерекше атмосфера.
Мұнда міндетті түрде дәмін татып көруге тұрарлық жергілікті тағамдар — Mandi (жер астында дайындалған ет пен күріш тағамы) және Luqaimat (тәтті бәліштер).
Рас-эль-Хайма – осы күздегі ең тамаша отбасылық демалыс баыты. Теңіз, табиғат, шытырман оқиға және араб қонақжайлылығы сіздің демалысыңызды ерекше әсерге бөлейді. 🌴


