Қырағылық, назар, қамқорлық: елордалық сақшылар көмекке келді

Астана қаласының 5573 әскери бөлімінің әскери қызметшілері адасқан 12 жастағы балаға және өзін жайсыз сезінген әйелге көмек көрсетті.
2025 жылдың 7 наурызында шамамен сағат 19:00-де Алматы қаласының Бейбітшілік және келісім сарайы маңын патрульдеу кезінде әскери жасақ адасып қалған ұл баланы байқады.
Тексеру барысында әскери жасақ басшысы Бақытхан Өтемісов, патрульдік қызметкерлер Жалғас Асқаров пен Бағдат Қыдыраханов алтыншы сынып оқушысы Жанәділдің телефонында балансы таусылып, анасына хабарласа алмай тұрғанын анықтаған. Сондай-ақ баланың қолында жолға жұмсайтын ақшасы болмаған.
Содан кейін әскери жасақ бойынша кезекші Әсет Сұрағанов баланың анасының телефон номерін тауып, жағдайды түсіндірген. 20 минуттан кейін әйел келіп, баласын алып кетті. Ол келгенше бала әскери қызметшілердің бақылауында болды.
Сол күні кешке «Астана-1» теміржол вокзалы маңында қоғамдық тәртіпті бақылап жүрген патруль тобының басшысы Бақытжан Уралов пен патрульдік қызметкерлер Дәурен Төлепберген және Рустам Қамзан алдарында кетіп бара жатқан әйелдің кенеттен денсаулығы нашарлап, мұрнынан қан кеткенін байқады. Ұландықтар оған алғашқы медициналық көмек көрсетті, содан соң сержант Уралов жедел жәрдем шақырды. Медицина қызметкерлері келгенше олар әйелдің қасында болды.
Екі әйел де Ұлттық ұлан әскери қызметшілеріне қырағылық танытып, дер кезінде назар аударғандарына және қамқорлық көрсеткендері үшін шынайы алғыс білдірді.
ҚР ІІМ ҰҰ Баспасөз қызметі