Қытай Халық Республикасының 76 жылдығы Алматыда аталып өтті

Алматы қаласында Қытай Халық Республикасының құрылғанына 76 жыл толуына орай салтанатты қабылдау өтті. Мерекелік шараға Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің өкілдері, Алматы облысының әкімі Сұлтанғазиев Марат, Huawei, ZTE, Yutong, Air China т.б. Қытайдың ірі компаниялардың басшылары, БАҚ өкілдері мен студенттер қатысты.

Салтанатты кеште ҚХР-дың Алматы қаласындағы Бас консулы Цзян Вэй ханым құттықтау сөз сөйледі. Өз сөзінде ол Қазақстан мен Қытай арасындағы халықаралық ынтымақтастықтың маңыздылығына тоқталды:

«Қазақстан – біздің сенімді серіктесіміз. Біз әрқашан екі ел арасындағы достықты әрі қарай дамытуға дайынбыз. Екі ел халқының мүддесі үшін жаңа жобаларды жүзеге асыруға бар күшімізді саламыз. Қазақстан мен Қытайдың ортақ жетістіктері болашақ ұрпақ үшін берік іргетас боларына сенімдімін»

Сонымен қатар, Бас консул өз дипломатиялық миссиясының Қазақстандағы аяқталғанын хабарлады. Оның басшылығымен көптеген жобалар жүзеге асырылып, екі ел арасындағы қарым-қатынас одан әрі нығая түсті.

Кеш барысында Алматы облысының әкімі Сұлтанғазиев Марат Цзян Вэй ханымға қазақтың дәстүрлі сый-құрмет белгісі ретінде шапан жауып, оның Қазақстан мен Қытай арасындағы ынтымақтастықты дамытудағы өлшеусіз еңбегін ерекше атап өтті.

Кештің тағы бір есте қаларлық сәті ретінде консулдықтың дипломаттары Әбдімомын Желдібаевтың «Ерке сылқым» күйін домбырада орындап, Шәмші Қалдаяқовтың «Ана туралы жыр» әнін шырқады. Бұл өнер қонақтарға жылы әсер қалдырып, кеш қонақтарды қосыла шырқады.

Қонақтарға мерекелік дастархан жайылып, естелік сыйлықтар табыс етілді. Шара достық пен өзара құрмет рухында өтті.