Қытай Халық Республикасының құрылғанына 75 жыл!
1 қазан Қытай елі үшін өте маңызды күн. 75 жыл бұрын Мао Цзэдун Қытай Халық Республикасының (ҚХР) азат әрі рухы мықты ел екенін әлемге жариялады. Атаулы күн Қытай халқы үшін ерекше маңызға ие және елдің соңғы жылдардағы жетістіктерін бейнелейді.
Мереке Тяньаньмэнь алаңында 1949 жылдан бері жыл сайын дәстүрлі ел байрағын көтеру рәсімінен басталады. Бейжіңдегі Халық мәжіліс залында Қытай төрағасы Си Цзиньпин және басқа да жоғары лауазымды тұлғалар бар үш мыңға жуық адам марапаттау рәсіміне қатысты.
1-7 қазан аралығында елде «Алтын апта» атап өтіледі, бұл уақыт Қытай тұрғындары жаппай саяхаттап, жұмыс пен оқуда үзіліс жасайды. Биыл 175 миллионға жуық теміржол қатынасы жасалады деп күтілуде. Мерекелік шараларға концерттер, көрмелер және халықтық фестивальдар ұйымдастырылып, ал кешкі уақытта аспан от шашумен боялады.
Бұл күндері мерекенің мәніне ерекше көңіл бөлінеді. Қытай Халық Республикасының құрылған күні тек мерейтой ғана емес, халықтың өткенін еске алып, ел жетістіктерін бағалап, болашағын ойлауына мүмкіндік береді. 75 жылдық мерейтойы Қытай халқының бірлігі мен отансүйгіштігін, жаңа замандағы болмысын нығайта түскенін көрсетеді.
Қытайдың Алматыдағы Бас консулдығы ҚХР құрылғанына 75 жыл толуын атап өтті