Мағжан Шамшадин Ханчжоуда өткен Азия ойындарында қола медаль жеңіп алды

Қазақстандық Мағжан Шамшадин Ханчжоуда өткен Азия ойындарында қола медаль жеңіп алды.
Үшінші орын үшін күресте отандасымыз Тәжікстаннан келген палуан Мерзод Суфиевті жеңді. Жекпе-жек 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өтті.
«Мағжан өте мықты қарсыласпен жекпе-жекте нағыз мінез танытты. Мен оны шын жүректен құттықтаймын және боз кілемдегі еңбегі үшін алғыс айтамын. Бұл оның қанжығасындағы соңғы үлкен марапат емес екеніне сенімдімін», — деді ҚР Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев.