Маркетплейстер қазақстандық пайдаланушыларға жалған заттарды қалай өткізеді?

Ресей халқы маркетплейстерден контрафак өніміне жаппай шағымдана бастады. Брендтік және түпнұсқа өнімдердің орнына пайдаланушылар жалған заттарға ие болып отыр. Бизнесмендер түпнұсқа тауарлардың кейпімен, күмәнді және сапасыз заттарды жіберу жағдайлары көбейіп кеткенін айтуда. Жалған өнімдердің арасында косметика, парфюмерия, ойыншықтар, киім, аяқ киім, темекі және басқа да көптеген тауарлар бар.

Роспотребнадзор маркетплейстерде жалған сату мәселесі шынымен де бар екенін растап, оның ауқымы кеңейгенін мәлімдеді. Белгілі болғандай, кейбір сауда алаңдары белсенді жұмысына қарамастан, контрафакт өнімінің болуын бақылауды реттемеген. Сонымен қатар, тапқыр кәсіпкерлер тіпті автоматты түрде тексеруге болатын тауарларды бақылауды да қолға алмаған. Сатушылар өнім сертификаттарын сұрамайды.

Федералды қадағалау қызметінің мәліметі бойынша, контрафактілік тауарлардың көпшілігі Wildberries-те сатылады. Бұл сату алаңынан сатып алушыларға жалған киім, аяқ киім және парфюмерия жиі келеді. Яндекс Маркет және Ozon сатушыларды әлдеқайда мұқият тексеріп, бақылайды, сондықтан мұнда жалған тауарлармен байланысты мәселелер аз.

Сонымен қатар, Ресейде жағдай 1 наурыздан бастап өзгеруі мүмкін. Сауда алаңдары тауарлардың айналымына қойылатын барлық талаптарды орындауға және контрафактіні немесе таңбаланбаған өнімді сатуға жауапты болады. Премьер-Министр Михаил Мишустиннің қаулысына сәйкес, сауда алаңдары «Адал белгі» белгісінің жоқтығы үшін жауапқа тартылуы мүмкін. Ол зауыттан дүкен сөресіне дейінгі тауар жолын көрсететін QR-коды болып табылады.

Бұл ретте, қазақстандықтар интернетте сауда жасап, қаржы айналымын арттыруды жалғастыруда. Өткен жылы маркетплейстердегі сатушылар саны екі есе өсті, ал сатылымдар бес есе өсті. 2022 жылы 7 мың жеткізуші тіркелді, қазақстандық кәсіпкерлердің тауарларын сату көлемі 46 миллиард теңгеден асты. Көп жағдайда қазақстандықтар косметика мен парфюмерияға, киімге, үйге арналған тауарларға, темекіге, кітаптарға, шаруашылық құралдарына және балалар тауарларына белсенді тапсырыс береді. Сонымен қатар, өткен жылы бір жыл бұрынғыдан төрт есе көп тапсырыс берілген балалар тағамына сұраныс тез өсуде.

«Бүгінгі таңда дәрілік препараттармен бірге балалар өнімдері ең жиі қолдан жасалған тауарлардың арасында 3-ші орында тұр. Жалған балалар тағамы баланың денсаулығы мен өміріне тікелей қауіп болады. Көбінесе мұндай өнімдер майдагерлік кәсіпшілік жағдайында арзан шикізаттан жасалады, сондықтан улану және аллергияның пайда болу қаупі жоғары. Тағы бір қауіпті контрафакт – бұл көлеңкелі фармацевтика нарығында 16,8%-ды алатын дәрі-дәрмектер. Мысалы, өткен жылдың маусым айында өз өндірісіне шикізат түрінде дайын дәрілік заттарды жеткізудің контрабандалық арнасы тоқтатылды. Коммерциялық ұйымдарға сату және одан әрі онкологиялық ауруларды емдеу үшін медициналық мекемелерге тарату жоспарланып отырған контрафактілік препараттардың үлкен партиясы айналымнан алынды. Бұл өрескел жағдай. Бірақ, осыған қарамастан, елге жалған сертификаттары бар, қауіпсіздігін тексерусіз тіркелмеген жалған дәрілік препараттар келіп түсуде және электрондық коммерция арналары арқылы сатылуда», — деп атап өтті дәрігер және «Денсаулық» Ұлттық Қауымдастығының басшысы Бақыт Түменова.

PwC Kazakhstan деректері бойынша қазақстандық бөлшек электрондық коммерция секторындағы бес сатып алудың төртеуі маркетплейстерде жасалады. Барлық ірі ойыншылар қазақстандық бизнесмендердің маркетплейстердегі саудаға деген қызығушылығының артуына баса назар аударды. Өткен жылдың алғашқы алты айында Қазақстандағы бөлшек электрондық сауда нарығының көлемі 501 млрд.құрады. Жасалған e-commerce транзакцияларының саны 19 млн-ға жақындады, ал орташа чек
сомасы 1%-ға азайып, 26 000 теңгені құрады.

Соңғы алты айда маркетплейстердің жұмысына қатысты шағымдардың саны күрт өсті. Адамдар ақаулы тауарды қайтарғысы келеді, уақтылы жеткізілмегеніне, өнімнің сапасына, ұзақ мерзімді ақшаны қайтармау фактілеріне наразылығын білдіреді. Жалпы зардап шеккен қазақстандықтар алаңның жосықсыз қызметіне шағымданады. Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетіне 20 мыңнан астам өтініш келіп түсті, бұл өткен жылмен салыстырғанда 160 пайызға артық. Жаппай халықтық наразылық электронды сауданың үлесіне тиесілі.

Егер адам жалған өнімге тап болса, бірінші кезекте маркетплейсті қолдау қызметіне хабарласу керек. Егер олар көмектеспесе, сотқа баруға болады, бірақ сарапшылардың пікірінше, өтемақы алу мүмкіндігі өте аз. Қазақстандықтарға контрафактілік тауар бойынша пікірлер жазуға кеңес беріледі: бұл жағдайда алаң сатушыны бұғаттауы мүмкін. Сарапшылар өнімді алған кезде оны әрдайым тексеріп отыруға кеңес береді. Киімде, аяқ киімде және парфюмерияда таңбалау мен код бар екеніне көз жеткізу маңызды, оны ресми сатушының веб-сайтында тексеруге болады.