«Мектепке жол» акциясы аясында бірнеше отбасы балаларына көмек көрсетілді
«Мектепке жол» акциясы аясында Бесқарағай, Жарма және Үржар аудандарында жаңа оқу жылы қарсаңында аз қамтылған отбасылардың балаларына қажетті оқу құралдары мен мектеп сөмкелері табысталды.
Бесқарағай ауданында «Қазақстандағы Адвентисттік көмек және даму агенттігі» қайырымдылық қорының жетекшісі Владимир Михайлов пен «Бірлік» қоғамдық ұйымының басшысы Сақан Аубакирова 253 баланың оқуына қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етіп, 3 822 700 теңге көлемінде көмек көрсетті.
Жарма ауданында «Бақыршық Кен өндіру кәсіпорны» ЖШС-нің бас директоры Кеңпейіл Исаев 194 оқушыға 1 194 928 теңге көлемінде қаржылай қолдау көрсетті.
Үржар ауданында ЖШС «MED365» компаниясының директоры Шыңғыс Құлахметов 30 аз қамтылған және көпбалалы отбасылардың балаларына жалпы сомасы 450 000 теңгеге оқу құралдары мен мектеп сөмкелерін табыстады.
Айта кетейік, акция 1 тамызда басталып, 30 қыркүйекке дейін жалғасады.
Абай облысы ББ баспасөз қызметі