Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа ERG-дің жобаларымен танысты
Ақтөбеге келген Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа ERG-дің Қазақстандағы бас директоры Серік Шахажанов компанияның экологиялық жобаларын таныстырды
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ақтөбе облысына сапары барысында ERG-дің Қазақстандағы бас директоры Серік Шахажанов компанияның осы өңірдегі экологиялық ахуалды жақсартып, еңбек өнімділігін арттыру бағытында қолға алған жобаларын таныстырды.
– ERG ауқымды «Жасыл металлургия» бағдарламасын әзірлеген, — деді Серік Шахажанов. – Бізде осы бағдарламаға енген арнайы Экологиялық стратегия бар. 2030 жылға дейін бұл бағытқа 228 млрд. теңге инвестиция құюды жопсарлап отырмыз.
Экостратегия қазірден оң нәтиже беріп жатыр. Соңғы 2 жылда Топ кәсіпорындарындағы қатты бөлшек шығарындылары жылына 11 мың тоннаға (8%) азайды. Ластаушы заттар шығарындылары 19%, техникалық суды тұтыну мөлшері қазір 10% қысқарған.
ERG-дің Экологиялық стратегиясы аясында Топ ең қуатты кәсіпорындары – Ақтөбе ферроқорытпа зауыты мен Дөң ТКБК («Қазхром» ТҰК» АҚ құрамында) орналасқан Ақтөбе облысындағы атмосфераға қатты бөлшектер шығарындыларын 2025 жылға қарай 50 %, ал карьер мен шахталардағы су төкпелерін 34% азайту жоспарланған.
– Ақтөбе ферроқорытпа зауытының №1,2 балқыту цехтарында газ тазарту жүйелері жаңартылды. Құйылған инвестиция көлемі– 14 млрд. теңге,- деді Серік Шахажанов. – Қатты заттар шығарындылары жылына 2 мың тоннаға төмендейді деген ойдамыз. Бұл еуропалық стандарттарға сай.
Ақтөбе ферроқорытпа зауытының №4 балқыту цехынан шығатын ферроқорытпа газын толық іске жарату жоспарланған. Мұнда оны кәдеге жарататын электр станциясы салынады. Өндірілген электр қуаты зауыттың ішкі қажеттіліктеріне жұмсалмақ. Нәтижесінде: жанама СО2 шығарындылары 40% төмендейді. Жобаға құйылатын инвестиция көлемі – 50 млрд теңге. 30 жұмыс орны ашылады. Станция құрылысы 2024 жылдың күзінде басталмақ.
Тағы бір ауқымды экологиялық жобамыз – Хромтауда қуаты 155 МВт жел электр станциясын салу. Құйылатын инвестиция көлемі – 110 млрд теңге. Жел электр станциясының құрылысы СО2 шығарындыларын жылына 500 мың тоннаға азайтуға сеп болады.
Жел генераторлары Хромтау маңындағы 150 гектар алқапта бой көтереді. Нысан іске қосылғанда 30 адамға тұрақты жұмыс орны ашылады.
Хромтауда мамыр айында шлам өңдейтін ERG Green фабрикасын іске қостық. Бұл теңдессіз жоба. Өйткені, Хромтаудағы фабрика – технологиялық жабдықталу мен автоматтандыру тұрғысынан алғанда, әлемдегі ең заманауи. Кәсіпорын 14,5 млн тонна шламды өңдеп, ескі 12 қалдыққоймасын рекультивациялайды.
Хромтаудағы кезекті ірі жоба – «Қазақстан Тәуелсіздігінің 10 жылдығы атындағы» шахтаның екінші кезегі салынып жатыр. Еліміздегі ең терең шахта оқпандарының бірі осында. Тереңдігі – 1 км-ден астам. (Салыстыра айтар болсақ, әлемдегі ең биік ғимарат Бурдж халиф-тің биіктігі – 900 метрге жуық. Біздің шахта – 1 200 метр. Тек, төменге қарай, терең). Екінші кезектің өндірістік қуаты – жылына 6,5 млн тонна кен. Шахтаның екінші кезегіне ERG 877,6 млрд теңгеден астам қаражат инвестиция құйылды.
– Мұнда Қазақстанда бұрын қолданыламаған технологияларды пайдаланамыз. Техникалық жабдықталуы жоғары, қол еңбегін барынша азайтамыз,- деді Серік Шахажанов. – Еңбек қауіпсіздігін жақсартып, әр кеншінің өнімділігін арттыруға септесеміз. Осы орайда, қауіпсіздік – біздің ең маңызды құндылығымыз, осы мәселеге әрдайым ерекше көңіл бөлеміз.