Михаил Шайдоров — мәнерлеп сырғанаудан халықаралық жарыстың жеңімпазы

CHONGQING, CHINA - NOVEMBER 10: Mikhail Shaidorov of Kazakhstan performs during the Men Short Program of ISU Grand Prix of Figure Skating-Cup of China at Huaxi Sports Center on November 10, 2023 in Chongqing, China. (Photo by Lintao Zhang - International Skating Union/International Skating Union via Getty Images)
Мәнерлеп сырғанаудан Ұлттық құрама көшбасшысы Михаил Шайдоров Нидерланд Корольдігінің Тильбург қаласында өткен Challenge Cup турнирінде жеңімпаз атанды.
Михаил кеше қысқа бағдарламада 85.75 балл жинап, 2-сатыға жайғасқан болатын. Бүгін еркін бағдарламада жинақы өнер көрсетіп, 270.59 ұпаймен суырылып алға шықты. Жалпы есепте — 256.34 балл.
Күміс медаль 2022 жылғы жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында 3-орын алған Тацуя Цубоидың (Жапония) еншісінде. Қола тағы бір жапон мәнерлеп сырғанаушысы, 2022 жылғы 4 құрлық чемпионатының күміс жүлдегері Казуки Томоноға бұйырды (251.61 балл).
Бұл турнирге барлығы 32 мемлекеттен 157 спортшы қатысты.