Мопед жүргізушілеріне жаңа талаптар енгізіледі

5 сәуірден бастап мопед жүргізушілеріне қойылатын талаптар күшейеді. Енді көлікті тіркеусіз және жүргізуші куәлігінсіз басқаруға тыйым салынады. Бұл туралы Жетісу облысының полиция департаменті хабарлады.
Жаңа ережеге сәйкес, мопед иелері өз көлігін міндетті түрде полицияда тіркеуі керек. Сондай-ақ, оларда A1, A немесе B санатындағы жүргізуші куәлігі болуы шарт. Бұдан бөлек, техникалық тексеруден өтіп, міндетті сақтандыру рәсімдерін орындау қажет.
Тіркелмеген мопедтер мен жүргізуші куәлігі жоқ азаматтарға айыппұл салынады. Қазіргі уақытта облыста 189 мопед тіркелген.
Егер 5 сәуірге дейін тиісті құжаттар рәсімделмесе, жүргізушілер Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 612 және 590-баптарының 2-тармағы бойынша жауапкершілікке тартылады.
Полиция өкілдері тұрғындарды жол қауіпсіздігін сақтауға және жаңа талаптарды орындауға шақырады.
Telegram-канал: Мопед жүргізушілеріне жаңа талаптар енгізіледі