MORRIS GARAGES Қазақстанда акцияны бастайды

1 тамыздан бастап алғашқы 100 сатып алушы MG 5 көлігін 7 990 000 теңгенің орнына небәрі 6 990 000 теңгеге сатып ала алады.

Науқан Қазақстанның 6 қаласында, яғни Алматы, Астана, Шымкент, Түркістан, Қостанай және Қарағандыдағы MG дилерлік орталықтарында басталады.

MG 5 — әйгілі британдық Morris Garages брендінің орташа өлшемді ықшам C класындағы седан.

Көлікте 114 ат күшін беретін 4 цилиндрлі 1,5 литрлік атмосфералық бензин қозғалтқышы бар.

Компанияның спорттық тамырлары барлық доңғалақтардағы дискілі тежегіштерді сақтап қалды. Серіппелі суспензияны дұрыс баптау рульдік басқарудың сезімтал реакциясын және бұрылу тұрақтылығын береді.

MG 5 кең салоны, көп функциялы руль дөңгелегі және 512 литр сыйымдылығы бар кең жүк салғышы бар.

Apple Carplay® және Android Auto® қолдауы бар 10 дюймдік сенсорлық ақпараттық ойын-сауық жүйесі таңдаулы қолданбаларға қол жеткізуге мүмкіндік береді.

MG 5-те 6 қауіпсіздік жастықтары және барлық жүргізу жағдайында толық қауіпсіздік пен жайлылықты қамтамасыз ететін белсенді жүйелер бар. 360 градустық панорамалық камералар мен тұрақ сенсорлары тар жерлерде маневр жасауды жеңілдету үшін пайдаланылуы мүмкін.

«MG5 седаны Алматыда ағымдағы жылдың мамыр айында сатылымға шығып, тұтынушыларын жүрегін жаулап үлгерді. Бұл таңқаларлық жағдай емес. Себебі, автокөлік заманауи автомобильдердің барлық жақсы жақтарын біріктіреді. Бұл күнделікті өмірге арналған стильді, ыңғайлы және қауіпсіз седан. Әсіресе автокөлік әуесқойлары үшін біз 1 тамызда акцияны бастадық. Енді Comfort топтамасындағы MG5 7 990 000 теңгенің орнына 6 990 000 теңге тұрады. Ал Deluxe конфигурациясында 8 490 000 теңгенің орнына 7 890 000 теңгені құрайды. Ерекше акциямен аты аңызға айналған MG иегері болуға асығыңыз!», — деп хабарлайды MG компаниясының Қазақстандағы ресми дистрибьюторы Genertec Vehicles Қазақстан компаниясының атқарушы директоры Шөкенов Дулат.