Mycar.kz онлайн-саудасының нәтижесі: 10 айда 2500 жаңа автокөлік сатылды

Қазақстанда автокөлік нарығы цифрлық дәуірге аяқ басты. Mycar.kz компаниясының мәліметінше, онлайн автокөлік саудасы қарқынды дамып келеді — платформаның іске қосылғанына 10 ай болғанда 2500-ден астам жаңа көлік онлайн форматта сатылды.
Көлік алу үшін небәрі смартфон мен 25 минут жеткілікті. 2024 жылдың шілде айында Mycar.kz қосымшасында жаңа автокөлікті онлайн сатып алу және автонесие рәсімдеу қызметі іске қосылған еді. Сатып алу процесі небәрі 25 минутқа созылады. АҚШ, Еуропа және Азияда кең тараған бұл тәсіл енді Қазақстанда да белсенді қолданыла бастады. Бүгінде қосымша мен сайт арқылы 100-ден астам дилерлік орталыққа қол жеткізуге болады, бұл кез келген аймақтағы тұрғынға көлік сатып алу мүмкіндігін береді.
Негізгі деректер:
-
Онлайн арқылы 2500-ден астам жаңа көлік сатылды
-
Сатып алушылардың 60%-ы автонесие рәсімдеген
-
70%-дан астамы — отбасылы азаматтар
-
Әр 16-шы сатып алушы — 55 жастан асқан
-
Орташа жас — 37
Онлайн сатып алушылардың ең белсенділері — алматылықтар (49%), одан кейін Астана (20%) мен Шымкент (13%) тұрғындары. Қалған 18% өзге өңірлерге тиесілі.
Гендерлік теңгерім сақталған: 56% — ерлер, 44% — әйелдер.
Негізгі сатып алушы профилі: 25–54 жас аралығындағы, айлық табысы 500 000 – 1 000 000 теңге аралығындағы азаматтар.
Сатылымдағы көшбасшылар:
-
Hyundai — 59%
-
Chery — 19%
-
Changan — 12%
Компанияның алдағы жоспары — ескі көліктердің онлайн нарығын кеңейту, жаңа дилерлер мен брендтерді қосу, сатып алу процесін одан әрі қысқарту. Сондай-ақ «Гараж» сервисін дамыту көзделуде, бұл клиентке көлігі туралы толық ақпаратты (сатып алу, жөндеу, құжаттар) бір жерден басқаруға мүмкіндік береді.
Жақын арада енгізілетін жаңалықтар:
-
Техқызмет туралы ескертулер мен кеңестер
-
Көлікті ең тиімді уақытта сату туралы ұсыныстар
-
Онлайн сервистік қызметке жазылу
-
Lifestyle-сервистермен интеграция
Бонус жүйесі де жетілдірілмек: көлік, бөлшектер және сервистік қызметтер үшін жиналған ұпайларды техникалық қызметке және басқа да тауарларға жұмсауға болады.
Mycar.kz — Қазақстандағы автоиндустриядағы цифрлық трансформацияның алдыңғы қатарлы өкілі. Цифрландыру деңгейі артып келе жатқан елде, компания жаңа стандарттарды орнатып, болашақтың автосаудасын бүгін ұсынуда.