Нариман Курбанов тағы Азия чемпионы атанды

Оңтүстік Кореяның Чечхон қаласында өтіп жатқан спорттық гимнастикадан Азия чемпионатында Қазақстан қоржынына алғашқы алтын медаль түсті, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Нариман Курбанов өзінің оң жамбасына келетін тұтқалы ат снарядындағы жаттығуда топ жарды. Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері финалда 14.933 ұпай жинады.
Күміс жарыс қожайыны Ван Хурдың (14.633 балл), қола Вьетнам өкілі Дан Хуан Тиенге бұйырды (14.233 балл).
Ақтық сында тағы бір отандасымыз Ильяс Азизов 13.933 балл жинап, 5-сатыға табан тіреді.
Еске сала кетейік, Нариман былтыр көктемде Олимпиада қаосаңында Өзбекстан астанасындағы құрлық бәсекесінде осы жаттығуда алтыннан алқа таққан.
Фото: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі