Наурыз айындағы ХҚКО-лар мен мамандандырылған ХҚКО-лардың жұмыс кестесі

8 наурызды мерекелеуге байланысты бұл күні Қазақстанда ХҚКО-лар мен мамандандырылған ХҚКО-лар жұмыс істемейді. Наурыз мерекесінде, яғни 21-25 наурыз аралығында да орталықтар азаматтарды қабылдамайды. Дегенмен, кезекші орталықтар сенбіде, яғни 9 наурыз күні және 25 наурыз күні сағат 13:00-ге дейін жұмыс істейтінін хабарлаймыз.
Халыққа қызмет көрсету орталықтары 26 наурыздан бастап әдеттегі жұмыс режиміне оралады.
Естеріңізге сала кетсек, ХҚКО-лар дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, кезекші орталықтар – жұмыс күндері 20.00-ге дейін, сенбі күндері 13.00-ге дейін жұмыс істейді.
Кезекші орталықтардың мекенжайларын Мемлекеттік корпорацияның Instagram желісіндегі ресми парақшасынан, сондай-ақ, 1414 телефоны арқылы білуге болады.