«Наурыз мейрамы» мерекесіне орай 1 миллионға жуық жас қазақстандық бір мезгілде көпшілікке танымал күйлерді орындады

«Наурыз мейрамы» мерекесіне орай 1 миллионға жуық жас қазақстандық бір мезгілде көпшілікке танымал күйлерді орындады
«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы және «Наурызнама» іс-шаралары аясында еліміздің барлық білім беру ұйымдарында #Күйкүмбірі республикалық челленджі өтті – деп хабарлайды Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі.
Бүгін бір уақытта 1 миллионға жуық бала «Балбырауын», «Адай», «Сарыарқа», «Тепең көк», «Әлқисса», «Ерке сылқым» және т. б. атақты күйлерді орындады.
Дәстүрге деген сүйіспеншілік тек мектеп оқушыларын ғана емес, сонымен қатар балабақшалардың ең жас тәрбиеленушілерін, колледж студенттерін біріктіретіні қуантады. Мысалы челлендждің ең кішкентай қатысушысының жасы 4-те. Жұмабек Самир Қостанай облысы Қарабалық ауылының «Айналайын» балабақшасының тәрбиеленушісі.
Ал Түркістан және Шығыс Қазақстан облыстарында оқушылары қобыз, дауылпаз сияқты ежелгі ұлттық аспаптарда танымал композициялар орындады.
«Күй күмбірі» челленджі — 2023 жылы ҚР Оқу-ағарту министрлігінің бастамасымен Наурыз мейрамы қарсаңында өткізілген ауқымды республикалық акция. Мақсаты — өскелең ұрпақтың бойында рухани-адамгершілік мәдениет пен патриотизмге тәрбиелеу, елдің мәдени мұрасын сақтау және балалар арасында домбыра аспабын насихаттау.
ҚР Оқу-ағарту министрлігі