«Наурыз Жұмыскер» бағдарламасы іске қосылды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялап, олардың экономикадағы маңыздылығын атап өтті.
Еңбек адамдарына қолдау көрсету мақсатында Отбасы банк 17 наурыздан бастап «Наурыз Жұмыскер» бағдарламасын іске қосты. Бағдарлама аясында 72 млрд теңге бөлініп, шамамен 2 440 жұмысшы мамандық иелері қолжетімді тұрғын үй несиесін ала алады.
Негізгі шарттар:
•Несие мөлшерлемесі: жылдық 7%-9%
•Бастапқы жарна: 10%-дан бастап
•Максималды несие сомасы: 30-36 млн теңге
•Қолжетімді тұрғын үй: ірі қалаларда – бастапқы нарықтағы, моноқалалар мен ауылдық елді мекендерде – қайталама нарықтағы баспана.
Бағдарламаға өнеркәсіп, құрылыс, энергетика, көлік, ауыл шаруашылығы және басқа да негізгі салаларда жұмыс істейтін 8 230 жұмысшы мамандық иелері қатыса алады.
Өтінімдерді қабылдау бүгіннен бастап, банк филиалдарында басталады. Толық ақпарат Отбасы банкінің сайтында.