Наурызбай ауданының демалыс орталықтарында білім алып жатқан балалар Шарында демалды

Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасы қолдауымен, «Human Resources Kazkhstan» жеке мекемесінің ұйымдастыруымен Наурызбай ауданының демалыс орталықтары тәрбиеленушілері Шарын шатқалына экскурсия жасады.
19 шілде күні Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының қолдауымен Наурызбай ауданының демалыс орталықтарында білім алып жатқан балалар үшін Шарын шатқалына танымдық бағыттағы экскурсия ұйымдастырылды.
Іс-шараның мақсаты — балалар мен жасөспірімдерге табиғатты аялау, туған өлкені сүю, тарихи жерлерді тану бағытында тәрбие беру, сонымен қатар, олардың жазғы демалысын мазмұнды әрі қауіпсіз ұйымдастыру.