Нұрлан Есембаев ҚР Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасының орынбасары болып тағайындалды

Нұрлан Абайұлы 1980 жылы 11 маусымда Павлодар облысы Успен ауданының Богатырь ауылында дүниеге келген.

Павлодар университетін (2003 ж.), Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтын (2006 ж.), С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетін (2016 ж.) «автомобиль және автомобиль шаруашылығы», «дене шанықтыру және спорт» және «саясаттану» мамандықтары бойынша тамамдаған.

Еңбек жолын 2004 жылы Павлодар облысы Константиновка орта мектебінде өндірістік білім беру шебері болып бастаған. Әр жылдары аймақта спорт және дене шынықтыру саласында қызмет атқарды:

Павлодар облысының дене шынықтыру және спорт басқармасында жетекші маман, бас маман, бөлім басшысы болып жұмыс істеген;

Павлодар облысы туризмді және спортты дамыту басқарма басшысының орынбасары міндетін атқарушы, кейін басқарма басшысының орынбасары қызметін атқарған.

ҚР Туризм және спорт министрлігі