Ocean Glow Masks – 2025: Алматыда сұлулық индустриясына арналған жаңа маскалар таныстырылды

Алматы қаласында Ocean Glow Masks – 2025 атты ерекше шара өтті. Іс-шараға сұлулық саласының өкілдері, пікір көшбасшылары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері мен компанияның серіктестері қатысты. Бұл басқосу жаңа трендтермен танысуға және Coral Club компаниясының инновациялық шешімдерін көруге мүмкіндік берді.
Кездесуді Орталық Азиядағы дистрибьюторларды қолдау департаментінің жетекшісі Айдар Сансызбеков ашып, сұлулық бағытының дамуы мен өнімдерге заманауи технологияларды енгізудің маңыздылығын атап өтті.
Компанияның шебері Гаухар Байдуллаева қонақтарға биоцеллюлозды маскалардың негізгі артықшылықтары жайлы жан-жақты баяндап берді. Оның айтуынша, Ocean Glow маскалары табиғи ингредиенттер негізінде жасалған және олар теріні терең ылғалдандырып, табиғи тепе-теңдігін қалпына келтіреді әрі жарқыраған көрініс сыйлайды.

Шара барысында модельдерге маскаларды қолдану көрсетілімі ұйымдастырылды. Қатысушылар өнімнің тиімділігін тікелей көріп, сарапшылардың пікірлерін тәжірибе жүзінде бағалай алды.
Сонымен қатар, қонақтарға жаңа Telegram-чат-боты таныстырылды. Бұл құрал әрбір қолданушыға өзінің тері түріне сәйкес ең қолайлы масканы таңдауға көмектеседі. Цифрлық шешім компания клиенттері мен серіктестері үшін ыңғайлы көмекші болмақ.
Іс-шара жылы әрі бейресми атмосферада өтті. Қонақтар сұрақтарын қойып, өз әсерлерімен бөлісті және ұйымдастыру деңгейін жоғары бағалады.
Ocean Glow Masks – 2025 тек жаңа өнімнің таныстырылымы ғана емес, сонымен қатар Қазақстандағы тері күтімінің заманауи мәдениетін қалыптастырудағы маңызды қадам болды.


