Оқушылар арасындағы Республикалық пікірсайыс турнирінің облыстық кезеңі қорытындыланды

Білім алушылардың азаматтық ұстанымдарын қалыптастыру, қоғам алдындағы жауапкершілігін сезіну және өзекті мәселелерді сыни тұрғыдан талдау мақсатында Республикалық пікірсайыс турнирінің облыстық кезеңі өтті. Іс-шараға өңірдегі 19 фракциядан құралған 57 оқушы қатысты.
Турнирдің басты мақсаты – шешендік өнер, сендіру дағдылары мен сыни ойлауды дамыту, оқушылардың зияткерлік және шығармашылық әлеуетін арттыру, сондай-ақ парламенттік мәдениетті қалыптастыру.
Қорытынды бойынша жеңімпаздар анықталды:
Қазақ лигасы:
— І орын: Семей қаласы №45 мектеп – «Әділет» фракциясы
— ІІ орын: Білім инновация лицейі – «Sages» фракциясы
— ІІІ орын: Аягөз ауданы К.Бозтаев атындағы мектеп – «Твикс» фракциясы
— ІІІ орын: Назарбаев Зияткерлік мектебі – «Шамшырақ» фракциясы
Орыс лигасы:
— І орын: Семей қаласы №37 гимназия – «Ыбырай дарындары» фракциясы
— ІІ орын: Семей қаласы №6 гимназия – «Старички» фракциясы
— ІІІ орын: Білім инновация лицейі – «Кey to life» фракциясы
— ІІІ орын: Экономикалық лицей – «П.А.Д.» фракциясы
Ағылшын лигасы:
— І орын: Семей қаласы №37 гимназия – «Cherry gloss» фракциясы
— ІІ орын: Назарбаев Зияткерлік мектебі – «Зерек» фракциясы
— ІІІ орын: Семей қаласы №5 гимназия – «Тарлан» фракциясы
— ІІІ орын: Білім инновация лицейі – «Now or never» фракциясы
І орын иегерлері қазанда Астанада өтетін Республикалық кезеңге жолдама алды.
Абай облысы ББ баспасөз қызметі