Оқушылармен танымдық кездесу өткізілді

Жетісу комьюнити орталығы №57 мектепте «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында оқушылармен танымдық кездесу өткізді. Іс-шараның негізгі мақсаты — жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын арттыру, құқықбұзушылықтың салдарын түсіндіру және салауатты өмір салтын насихаттау.
Кездесу барысында қатысушыларға құқықбұзушылықтың салдары, қоғамдық тәртіпті сақтау және есірткінің зияны туралы бейнероликтер көрсетіліп, түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Мамандар жасөспірімдерге құқықтық нормалар мен заң талаптарын сақтау қажеттілігі туралы кеңінен ақпарат берді.
Іс-шараға мектеп оқушылары, мұғалімдер және құқық қорғау органдарының өкілдері қатысты. Олар жасөспірімдердің құқықтық мәдениетін қалыптастыру және заңға бағыну мәдениетін нығайту мәселелерін талқылады.
Осындай кездесулер оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған маңызды қадам болып табылады.