Олеся Танская: «Сұлулық әлемі туралы кітап жазуды армандаймын»
Олеся Танская косметика мен тренингке деген сүйіспеншілігін біріктіретін Mary Kay халықаралық парфюмериялық-косметикалық компаниясында бизнес-тренер болып қызмет етеді. Ол өз жұмысының бір ерекшелігі әр түрлі адамдарды үнемі жаттықтыру екенін, бұл жауапкершілікті ғана емес, қызығушылықты да тудыратынын атап көрсетеді.
Өзінің жұмысының арқасында Олеся Танская ақпаратты жүйелі түрде ұсынуды үйренді, адамдарды сұлулық өнімдеріне ғашық етті және олардың өзіне қамқорлық жасауға деген құштарлығын күшейтті. Жұмыс барысында ешқандай қиындық жоқ, бұл кәсіпке деген сүйіспеншілігінің арқасында деп отыр.
Ол Алматы қаласының тумасы. Бала кезде би үйірмесіне қатысып, әр түрлі қойылымдар алдында әдемі боянып, өзі ұнататын киім киіп, ерекше көңіл-күйге бөленіп, әр кез сұлулыққа ұмтылатын. Кейін мұғалім болуды армандаған. Бүгінде арманына қол жеткізді десе де болады, себебі ол Mary Kay Қазақстандағы бизнес-тренері.
«Мен Италияны аралап, туристтер көп бара бермейтін, мекендерге баруды армандаймын. Сондай-ақ сұлулық әлемі туралы тәжірибеммен бөлісіп, тері күтімінің маңыздылығы, әдемі макияж және парфюмерия әлемі туралы баяндайтын кітап жазғым келеді», — дейді Олеся.
Ол мақсатқа жету үшін өз ісін жақсы көру, алған білімдерін қолдану, онымен бөлісу және табанды болу маңызды деп санайды. Өз ойын жеткізуде батыл болуға кеңес береді.
Жас мамандарға мамандықты ішкі сезімдеріне қарай таңдауға, өз ісін сүйіп, ақылсыз болып көрінсе де, ойларын жүзеге асыруға кеңес береді.