Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев Unico Playдің «Тренер аға» сериалының түсіріліміне қатысты.

Қазақстан боксының аңызы Қазақстандағы кәсіпқой бокс туралы алғашқы спорттық драманың түсіріліміне қатысты.
Олимпиада чемпионы, Вэл Баркер кубогының иегері Серік Сәпиев Қарағанды мен Пришахтинскіде түсіріліп жатқан «Тренер аға» сериалында эпизодтық рөлге түсті. Қарағанды – қазақстандық бокстың тарихи отаны ғана емес, сонымен қатар Сәпиевтің туған қаласы, Серік Олимпиада алтынына жеткізген сапарын осы жерден бастады, сондықтан спортшының бұл жобаға қатысуы әдемі символға айналды.
«Тренер аға» 2025 жылдың күзінде Unico Play онлайн-кинотеатрында шығатын Қазақстандағы кәсіпқой бокс туралы алғашқы сериал. Жоба тәлімгерлік, ержету және спорт жолы тақырыбына арналған. Елдегі ең атақты спортшылардың бірінің қатысуы бүкіл команда үшін маңызды оқиға болды.
“Маған “Тренер аға” сериалына түсуге ұсыныс түскенде бірден келістім. Бұл жоба маған тақырыптарымен жақын: спорт – жеңудің жолы, өз жолын іздеген жас жігіттер және жаттығу залында ғана емес, өмірде де көмектесетін бапкерлер туралы“, – деді Серік Сәпиев.
Uni-Q Group бас директоры және жоба идеясының авторы Анара Жунусова айтқандай, Сәпиевтің қатысуы сюжетке толық сәйкес келеді, өйткені оның өзі сериал оқиғасы өтіп жатқан ортаның бір бөлігі.
“Серік Сәпиев – қазақстандық бокстың бет-бейнесі. Оның қатысуы – біздің сериалға үлкен қолдау және салмақты сенім. “Тренер аға” спортзалдар, көшелер және спортты өмір салтына айналдырған адамдар туралы. Серік біз айтып отырған облыстардан шыққан және оның кадрдағы келбеті сюжетке күш пен шынайылық қосады. Бұл жай ғана камео емес, бұл спорт аңызы мен жаңа буынның арасындағы байланыс“, – деп атап өтті ол.
Бокс — жай ғана спорт емес, ұлттық мақтаныш
Қазақстан әуесқой бокстағы Олимпиада медальдарының саны бойынша әлемдегі ең озық 10 елдің қатарына кіреді, ал бұл жетістікке берік діңсіз жету мүмкін емес. 2024 жылдың қазан айындағы есеп бойынша елімізде 510 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі бар, оның 258-інде бокс бөлімдері бар. Еліміз бойынша 38 мыңнан астам жас боксшы өз кумирлерінің жолын қайталауды армандап, осы спорт түрінің қыр-сырын меңгеріп жатыр.
Unico Play аймақтағы ең ірі локализация жүйесін іске қосады: қазақша контент күніне 600 сағат
2025 жылдың маусымына дейін 8,4 миллионнан астам қазақстандық, яғни халықтың 40 пайыздан астамы спортпен жүйелі түрде айналысады. Бұл сандар бокстың танымалдылығын ғана емес, сонымен бірге салауатты өмір салтына деген қызығушылықтың артып келе жатқанын көрсетеді, бұл қазір мәдениет арқылы да, экранда да қолдау тапты.
“Спорт хикаяларын экранға түсіру жай ғана шоу емес. Бұл спортты танымал етуге қосқан үлес. Оны көргеннен кейін кем дегенде бір жасөспірім бокспен айналысқысы келсе, мұның барлығын бекер істеп жатқан жоқпыз”, – дейді Сәпиев.
Өмірді өзгертетін бапкерлер туралы
Сәпиевтің өмірінде оның техникасының ғана емес, мінезінің негізін қалаған алғашқы бапкері Александр Стрельников ерекше орын алады.
“Мен Александр Владимирович Стрельниковке әрқашан ризамын. Ол маған соққыны қалай жасауды ғана үйреткен жоқ, ол маған өз-өзіме сенуге, берілмеуге, жұдырықтасуға үйретті. Нағыз жаттықтырушы – спортшыны дұрыс жолға қоятын, тіпті өзіне күмәнданып тұрса да, оның ашылуына көмектесетін адам. «Тренер аға» сондай бапкер туралы, осы оқиғаның бір бөлігі болғаныма қуаныштымын» – деді чемпион.
Сериал туралы
«Тренер Аға» — мотивациялық спорттық драма. Сюжет желісі Қарағандыда орын алады. Бас кейіпкер – бұрынғы боксшы Дархан жағдайы нашар аудандардан келген бір топ жеткіншекке тәлімгер болып, оларды чемпионатқа дайындап, сонымен бірге қиын жағдайдан шығуға көмектеседі.
Жобаны Unico Play онлайн-кинотеатры мен Elephant Production студиясы жүзеге асырып жатыр.
Премьера 2025 жылдың күзінде тек Unico Playде болады.


