Orbis Agro көктемгі егіс науқанын аяқтады

Қазақстандық Orbis Agro компаниясы 2025 жылғы көктемгі егіс науқанын аяқтады. Аграрлық жұмыстар Солтүстік Қазақстан облысының Ғабит Мүсірепов атындағы ауданындағы холдинг алқаптарында жүргізілді. Егістік үшін жалпы көлемі шамамен 100 мың гектар жер бөлінді.
2025 жылы Orbis Agro қызметкерлері жұмсақ және қатты бидай сұрыптарын, жасымық, күнбағыс, зығыр, рапс, бұршақ, сұлы, сондай-ақ пішен шөптерді еккен. Өнім ішкі нарықта да, экспорт үшін де сатылымға шығарылады.

Orbis Agro компаниясының бас директоры Нобуюки Аракава:

«2025 жылғы көктемгі егіс науқанын табысты аяқтадық. Нарықтағы сұранысты ескере отырып, биыл дәнді дақылдар егістігін азайтып, майлы және бұршақты дақылдардың көлемін арттырдық. Жалпы егіс құрылымының теңгерімді құрамына қол жеткіздік деп есептейміз. Маусым мен шілде айларындағы ауа райы біздің алқаптардағы өнімділікке әсер етеді. Биыл көктемнің басында негізгі өңірлерде топырақтағы ылғал деңгейі әдеттегіден жоғары болды. Сондықтан біз дақылдарымыздың биылғы жазда болжанып отырған ыстық әрі құрғақ ауа райы жағдайларына төтеп береді деп сенеміз»

Orbis Agro — Orbis Kazakhstan тобының ауылшаруашылық бағытына жауапты құрылымы. Компания дәнді, майлы және бұршақты дақылдарды өсірумен, жылыжайда көкөніс өндірумен, өнім сақтау және ауылшаруашылық тауарларын әлемнің түкпір-түкпіріне экспорттаумен айналысады. Операциялық қызметі Қазақстанның солтүстік, батыс және оңтүстік өңірлерін қамтиды. Холдинг құрамына үш элеватор кіреді, олардың бірі — елдегі ең ірі элеваторлардың бірі. Батыс Қазақстан облысында жалпы аумағы 12 гектаржылыжай кешені жұмыс істейді, онда қызанақ пен қияр өсіріледі.

2024 жылы Orbis Agro-ның экспорттық трейдинг көлемі 200 мың тоннадан асты. Негізгі жеткізу бағыттары — Өзбекстан, Әзербайжан, Қытай, Иран, Польша, Жапония, Тәжікстан және Еуропа Одағы елдері.

Нобуюки Аракава:

«Orbis Agro — жас компания болғанымен, жылдам өсіп келеді. Қазіргі таңда біз экспорт үшін жаңа нарықтарды іздестірудеміз және дәстүрлі серіктестерімізге өнім жеткізуді жалғастыра бермекпіз. Біздің осы бағыттағы жұмысымыз Қазақстанды жаһандық астық экспорттаушы ел ретінде дамытуға үлес қосады деп сенемін»

2025 жылы Orbis Agro Солтүстік Қазақстан облысында сүт-тауар фермасын іске қосуды жоспарлап отыр. Фермада еуропалық тұқымды 1200 сауын сиыр ұсталады. Жылдық шикі сүт өндіру көлемі 11 миллион литрден асады.

Orbis Agro — 2001 жылы қазақстандық кәсіпкерлер Фаррух пен Сухраб Махмудов негізін қалаған Orbis Kazakhstan холдингінің құрамына кіреді. Топ құрамында автомобиль құрастыру, құрылыс, техника дистрибуциясы, мұнай-газ сервис, агробизнес және басқа да салалардағы активтер шоғырланған. 2024 жылдың қорытындысы бойынша холдингтің жалпы айналымы 1,5 миллиард АҚШ долларын құрады.