Өткен шаққа саяхат: «Қытай жаңалықтарының айнасы – объективпен өткен ғасыр»

Алдымен өзіңіздің бір ғасырдың ең маңызды, әсерлі және шабыттандыратын сәттерін көрсететін сиқырлы айнаны қолыңызда ұстағаныңызды елестетіңіз. Кейін әр кезеңге жеке-жеке тоқталып, өткен шаққа саяхат жасаңыз. Бұрынғы кездердегі тұрмыс-салт, риясыз күлкіге толы тамаша сәттер, тарихи оқиғалар. Ғажап емес пе?!

Ең қызығы мұның барлығын көру үшін еш сиқырдың қажеті жоқ. Себебі, өткен шаққа саяхатты көрмеге қойылған суреттерді тамашалау арқылы жасауға болады. Қытай елінің белгілі Синьхуа жаңалықтар агенттігі (Xinhua News Agency) өз қызметінің жүз жылдығына арналған фотосуреттерінің бірегей көрмесін ашты. Аспан асты елінің бұрынғы мен бүгінгі кезеңін біріктірген бірегей көрмесі жоғары атап өткен сиқырлы айнаға айналды. Көрме бізге уақытты кері қайтарады және камера объективі арқылы бүгінгі күнді түсінуге көмектеседі.

Бұл көрменің ерекшелігі неде десеңіз, ұсынылған фотосуреттер жай жақтаулар емес, олар Қытайдың жан дүниесін ашатын терезелер іспетті. Әрбір сурет эмоцияны тудыратын оқиғаны баяндайды және тарихи оқиғалардың шымылдығын көрсетеді. Оның ішінде:

  • Тарихи жетістіктер, мысалы, 1949 жылы Қытай Халық Республикасының құрылу салтанаты немесе атом бомбасының алғашқы сәтті сынақтан өткен сәті. Бұл уақыт ағымын өзгерткен сәттер;
  • Ғылыми серпіліс — адамның өз армандары мен жетістіктерінде қаншалықты алысқа бара алатынын көрсететін «Тяньвэн-1» Марс зондының ұшырылуы;
  • Күнделікті өмірдің әсерлі көріністері, 1957 жылғы жаңа сыйлық туфлиден бастап әр дәуірдегі оқушылар мен студенттердің шиеленісті емтихандарына дейін. Бұл бейнелер жүрегіңді жылытып, өмірдің сұлулығы ұсақ-түйекте жатқанын еске салады;
  • Халықаралық көмек, мысалы, Гаитидегі Қытайдың құтқару тобының жұмысы ұлттық шекарадан асып түсетін адамгершілікті көрсетеді;
  • Спорттық және мәдени іс-шаралар Цинхай көліндегі велоспорт жарысы сізді жаңа көкжиектерге ұмтылуға шабыттандырады;
  • Инфрақұрылымды дамыту және әскери жетістіктер батылдық пен ілгерілеушілікті көрсетеді.


Көрме өткеннен сыр шертіп қана қоймай, сіз бен бізді байланыстыратын алуан түрлі тақырыптарды қамтиды. Фотосуреттердегі бейнелер өзгенің өмірін таныстырып қана қоймай, өз өміріңе басқа қырдан көруге жол ашатындай. Әлеммен байланысымыз жайлы, бейбітшілікке, білімге, дамуға ұмтылу сияқты жалпыадамзаттық құндылықтар туралы сыр шертеді.

Көрмеде болғанымда үлкен әсер алдым! Ана құшағындағы сәбидің күлкісі, диқаншылықты кәсіп еткен қарт атайдың жүзі, айналадағы сұлулықтың сан қырлы көрініс маған шабыттануға, әлемге басқа көзбен қарауға және үлкен нәрсенің бір бөлігін сезінуге мүмкіндік берді.

Көрме үлкен жетістіктер туралы ғана емес, сонымен бірге адамдық сезімдерді — қуаныш, мақтаныш, үмітті ашатын оқиғаны қозғау күші.  Бұл сіз бен біздің жүрегімізде, ойымызда ұзақ сақталатын оқиға екені сөзсіз.

Ғазиза Ұзақ

Бейжің қаласы