Өзгеріс ойдан басталады
2024 жылдың 14 ақпанда Тұрақты даму мақсатының «Салауатты өмір салты және салауаттылық» аясында және әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 90-жылдық мерейтойында заң факультетінің Қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасының «6В12301 — Құқық қорғау қызметі» білім беру бағдарламасының 1 курс 111 топтың білім алушыларымен топ эдвайзері С.Ш. Даубасова «Айналаңды нұрландыр» жобасы аясында «Өзгеріс ойдан басталады» атты білім алушылар арасында іс-шара өткізілді.
Оның жалғасы «Esentai Mall» орталығы «Kinopark 11» кинозалында көрсетілген «Рецепт любви» көркем фильмі – Эджени мен Доден — әлемнің түкпір-түкпіріндегі ең жақсы аспаздарды таң қалдыратын талғампаз тағамдар жасайтын дарынды аспаздар дуэті. Доден Эжениге бұрыннан ғашық болған сүйіктісін өзіне баулау мақсатында аспаздық әлемді мәңгілікке өзгерте отырып, сүйіктісінің жүрегін жаулап алуға бел буып, оны өзіне қаратудың ерекше сырларымен бөлісті. Махаббат – әр адам ерекше асқақтатып, күтеді. Бірақ ол тек қуаныш қана сыйламайды. Ол жауапсыз сұрақтарды туындатып, келешекке деген күмәнді оятады. Философ әрі психоаналитик Моник Шнейдер (Monique Schneider) осылай дейді. Бұл ғалым махаббат түсіретін кереғар күй туралы айтады. «Адамның «мені» аяқ асты әлсіреп, өзгенің «менінің» кереметіне бас ұрады. Осының салдарынан адамның жүрегін құлазу кернейді. Бар ойы, ынтасы өзге жанға ауып кетеді. Сол бір жұмбақ жан, бейтаныс сіздің сана-сезімге иелік етеді. Мұндай кезде сабыр сақтау қиын. Ол мені шын ұнатты ма? Менсіз қанша күн өмір сүре алады? Бұл сезім қаншаға жетеді? Әрбір келесі сәт болжаусыз болатын беймәлім өмірге қадам басасыз».
1 курс 111 топ студенті Әдепхан Мәртау
Топ эдвайзері Даубасова С.Ш.