Парижді кімдер құтқарды?!
17 тамыздан бастап еліміздің барлық кинотеатрларында «Леди Баг и Супер-Кот: Пробуждение силы» мультфильмінің көрсетілімі басталды.
Алғашқы көрсетілімді LUMIERA Cinema кинотеатры және Meloman Entertainment компаниясы ұйымдастырып, көңілді кешке БАҚ өкілдері мен блогерлерді шақырылды. Келген қонақтарға салқын Lemo Boom лимонадтары ұсынылып, ал кішкентай көрермендер әр түрлі қызықты ойындарға қатысып, Ahmad Tea сыйлықтарына ие болды.
Биылғы жаздың жаңа премьерасы романтикалық сәттер мен түрлі-түсті анимациялық экшндерге толы.
Фильм желісі бойынша әсем қала Париждегі екі оқушы Мариетт пен Адриан отбасы пен қоғам тарапынан еш қолдауға ие болмай, өздерін жалғыз сезінеді. Алайда, олар бір сәтте сиқырлы жаратылыстар Квами көмегімен қаһарманға айналып, екеуіне ортақ маңызды міндет зұлымдықпен күресіп, әділеттің орнауына бар күшін салады. Зұлымдық құрығына Париж қаласы да түседі. Екі кішкентай қаһарман әсем қала мен оның тұрғындарын құтқарып, жақындарымен тіл табыса бастайды.
Бұл мультфильм тек кішкентай көрермендерге ғана емес, үлкен кісілерге де арналған. Себебі, балалар сүйікті қаһармандарының іс-әрекетіне сүйсінсе, ересектер философиялық мағынасына көңіл аударатыны сөзсіз. Мультфильм ата-ана мен баланың қаншалықты бір-біріне жақын және айналадағы адамдардың қарым-қатынасының дұрыс болуының қаншалықты маңызды екенін көрсетеді.